Автор: ADMIN
Ираннан әкелінген 27 қолжазба 18 ғасырдағы қазақ тарихы мен мәдениетіне арналған — Президент
Иран делегациясы әкелген 27 қолжазба 18 ғасырдағы қазақ тарихы мен мәдениетіне арналған. Бұл туралы Ақордада Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкианмен келіссөздер қорытындысына орай БАҚ өкілдеріне арналған бірлескен мәлімдеме барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Shalqar.kz Akorda-ға сілтеме жасап.
— Қазақ тілінде парсы сөздері көп. Ғалымдар тілдік қорымыздағы парсы сөздерінің үлесі 4 пайыз деп санайды екен. Олардың арасында астана, пайда, көрме, дәулет, дәрі, дәрмек, аула, ораза және тағы басқа сөздер бар. Бүгінде Иранның солтүстігіндегі Гүлстан провинциясының Горган, Бәндар, Түрімен және Күмбет қалаларында 5 мыңнан астам қазақ тұрады. Фирдоусидің «Шахнамасы» мен оның кейіпкерлері Тұран халықтарына да жақын. Қазақтың ұлы ақыны Абай Фирдоуси, Хафез, Сағди сияқты парсы шайырларының шығармаларымен таныс болған, — деді Президент.
Мемлекет басшысы Иран делегациясы әкелген көне қолжазбалардың көшірмелері 18 ғасырдағы қазақ тарихы мен мәдениетіне арналғанын айтты.
— Ұсынылған 27 қолжазбада Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық ахуалы, көрші елдермен қарым-қатынасы, аймақтағы бәсекелестік, Түркістанның саяси-экономикалық жағдайы, Ресей патшалығының қазақ аймақтары мен хандықтарына қатысты әрекеттері туралы сараптамалар бар. Сондай-ақ қазақ даласында көмір, темір, мыс, қорғасын, бирюза кеніштерінің табылып, оларды өндіру мәселесі сипатталған. Өте қызық деректер бар. Сізге көп рақмет, Президент мырза, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Президентіне қарата.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
TÄRBIE DEGEN TÄÑİR BAR
TÄRBIE NEGIZI – OTBASINDA
ТӘРБИЕ ДЕГЕН ТӘҢІР БАР
Последние новости
WLTTIQ TÄRBIENİÑ OTBASINDAĞI MAÑIZI
ۇلتتىق تاربيەنىڭ وتباسىنداعى ماڭىزى
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ОТБАСЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫ