Автор: ADMIN
Алматыда жол кептелісін азайту үшін зияткерлік көлік жүйесі енгізіледі

Алматыда жол қозғалысын басқарудың заманауи әдістері іске қосылмақ. Қала әкімдігі қытайлық Inspur Group компаниясымен серіктестік орнатып, зияткерлік көлік жүйесін (ITS) енгізуді жоспарлап отыр. Бұл жаңашылдық Алматыдағы кептелісті азайтуға және жол қозғалысын тиімді үйлестіруге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Қала әкімі Ерболат Досаев Қытайға сапары барысында Inspur Group басшылығымен кездесіп, қалалық инфрақұрылымды цифрландыру және ақылды көлік жүйелерін енгізу мәселелерін талқылады. Inspur Group Алматыда көлік қозғалысын басқарудың командалық орталығын құрып, жолдағы көлік ағынын реттеу тетіктерін дамытуды көздейді.
Бұдан бөлек, мегаполисте денсаулық сақтау және су ресурстарын басқару салалары бойынша ғылыми-зерттеу орталығын ашу мүмкіндігі қарастырылуда.
Inspur Group – ақылды қалалар, көлік жүйелерін басқару, салықтық бақылау және цифрлық білім беру салаларында шешімдер әзірлейтін әлемдік көшбасшы компаниялардың бірі. Оның технологиялары 120-дан астам елде қолданылады.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер


Басты жаңалықтар

Atırauda 23 jastağı fel'dşer qaqtığıs kezinde qaza taptı

Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы жаңа межеге жетті

Qazaqstandıqtardıñ ömir süru wzaqtığı jaña mejege jetti
Последние новости

Qazaqstandıqtardıñ ömir süru wzaqtığı jaña mejege jetti

قازاقستاندىقتاردىڭ ومىر سۇرۋ ۇزاقتىعى جاڭا مەجەگە جەتتى

Средняя продолжительность жизни в Казахстане достигла 75 лет