Автор: ADMIN
ХАМАС билікті тапсыруға келіседі: Газа секторының болашағы қандай?
ХАМАС ұйымы Газа секторындағы билікті Палестина ұлттық әкімшілігіне беруге дайын екенін мәлімдеді. Алайда, бұл шешім белгілі бір шартпен ғана жүзеге асуы мүмкін, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Sky News Arabia арнасының хабарлауынша, ХАМАС Палестина азаттық ұйымына ресми хат жолдап, анклавты басқаруды тапсыру туралы ұсыныс жасаған. Бірақ басты талап – Газа секторында жұмыс істеп жүрген шенеуніктер қызметтерін сақтап қалуы немесе зейнетке шыққан жағдайда қаржылық кепілдік алуы тиіс.
Басылым дереккөздерінің мәліметінше, ХАМАС-тың бұл шешімі ұйым делегациясының Каирге сапары барысында Мысыр тарапынан жасалған қысымның нәтижесі болуы мүмкін.
Айта кетейік, 2007 жылдан бері ХАМАС Газа секторын бақылауда ұстап келеді. Сол жылы ол Палестина автономиясының билігін қарулы қақтығыс нәтижесінде ФАТХ қозғалысынан тартып алған болатын.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
«Палау орталығындағы» өрттен қаза тапқандар саны 11-ге жетті
Italiyada XIV qısqı Paralimpiada oyındarı aşıldı
Число погибших при пожаре в «Палау орталығы» достигло 11
Последние новости
«Palau ortalığındağı» örtten qaza tapqandar sanı 11-ge jetti
«پالاۋ ورتالىعىنداعى» ورتتەن قازا تاپقاندار سانى 11-گە جەتتى
Çislo pogibşih pri pojare v «Palau ortalığı» dostiglo 11