Қоғам

Автор: ADMIN

Қоғам 2025-12-12 10:15:00

Следуй за нами

24

Қазақстанда шағын және орта бизнесте бір миллионнан астам әйел басшы бар

news single

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин әйелдер кәсіпкерлігін қолдау бойынша шаралар кешенін таныстырды, деп хабарлайды Shalqar.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

2025 жылдың желтоқсан айындағы көрсеткіш бойынша Қазақстанда шағын және орта бизнесте 1 миллионнан аса әйел басшы тіркелген. Бұл ШОБ жалпы санының 48,1%-і.

 

— Әйелдер сауданы, қызметтерді, сұлулық индустриясын, қоғамдық тамақтануды, білім беру жобаларын, сондай-ақ экологиялық және әлеуметтік бастамаларды жақсы игереді. Олар өңір экономикасын нығайта отырып, заманауи даму трендін қолдайды. Тұрақты, технологиялық және қоғамға арналған кәсіпорындар құрып жатыр, — делінген ақпаратта.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің қолдауымен елімізде 20 Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы және шағын қалалар мен ауылдарда 188 өңірлік орталық жұмыс істейді. Олар қызметтерді ақысыз ұсынып, ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлерді қамтиды.

 

Бүгінгі таңда әйелдер кәсіпкерлігін қолдайтын 4 негізгі құрал бар.

 

Біріншісі — ақпараттық-консультациялық көмек. Әйелдер бизнесті тіркеу, ЭҚЖЖ таңдау, құжат ресімдеу, мемлекеттік қолдауды пайдалану және тендерге қатысу бойынша сауалдарына жауап алады. 2025 жылдың желтоқсан айына дейін 16 326 әйелге 60 245 қызмет көрсетілген.

 

Екіншісі — жұмыс істеп тұрған бизнесті сервистік қолдау. Бұл бухгалтерлік есеп, салық, есептілік, «1С», бизнес-жоспар мен жылжыту стратегиясын әзірлеу. Барлығы 6 410 әйелге 7 106 қызмет ұсынылды.

 

Үшінші құрал — «Іскерлік байланыстар». Кәсіпкер әйелдер шетелдік әріптестермен байланыс орнатып, шетелде тағылымдамадан өтеді. Бағдарламадан 37 кәсіпкер, оның ішінде 10 әйел өтті.

 

Төртінші құрал — жергілікті өндірушілердің әлеуетін арттыруға көмектесетін және ауылдық жерлердің экономикалық дамуын күшейтетін «Бір ауыл-бір өнім» жобасы. Бүгінгі таңда қатысушылардың 90%-ы әйелдер. Мыңнан астам қатысушы кеңес алса, оның ішінде 742-сі әйел, ал 38-і финалист болды. Жоба 5 млн теңгеге дейін мемлекеттік грант алуға және оқытуға, брендингте және өнімді жылжытуға қолдау алуға мүмкіндік береді.

 

Тағы бірі — ЕҚДБ-мен бірлескен «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасы. 2015 жылдан бастап 537 консалтингтік және коучингтік жоба өткізіліп, 6,3 мыңнан астам әйел оқытылды. Ал әйелдер ШОБ-ын кредиттеуге 102,2 млрд теңге бөлінді.

 

Мемлекеттік субсидиялау және кепілдік беру құралдары кәсіпкер әйелдер үшін қаржы мен бизнесті дамытуға тең жағдай жасайды.

 

Кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау құралы 13,2%. Ал әлеуметтік кәсіпкерлер үшін 12,2%. Кредит 3 жылға 200 млн теңгеге дейін беріледі.

 

Барлығы 316,9 млрд теңгеге 2 280 жоба қолдау тауып, 168,7 млрд теңге субсидия төленді. Оның ішінде 924 жоба, яғни 41%-і әйелдердікі. Кредит сомасы 96,4 млрд теңге.

 

Кепіл жетіспейтін кәсіпкерлер үшін мемлекет кепілдік береді. 60,5 млрд теңгеге 736 жобаға қолдау көрсетіліп, 25,1 млрд теңгеге кепілдік берілді. Олардың ішінде 25,3 млрд теңгеге кредит және 9,9 млрд теңгеге кепілдік алған 338 әйел бар.

 

Кепілдік қоры 1. Бұл тетік шағын және орта бизнеске 7 млрд теңгеге дейін ірі кредит алуға көмектеседі. Кепілдіктің ең жоғары мөлшері 85%. Бірақ 3,5 млрд теңгеден аспайды. 393 млрд теңгеге 2 217 жобаға қолдау көрсетіліп, 218,4 млрд теңгеге кепілдік берілді. Оның ішінде 311 жобаны (46%) әйелдер іске асырған: 52,3 млрд теңгеге кепілдікпен 103,4 млрд теңгеге кредит алған.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться