Саясат

Автор: ADMIN

Саясат 2025-12-14 14:06:00

Следуй за нами

28

Қытайдағы Қазақстан Мәдениет орталығында халықаралық әдеби конференция өтті

news single

Бейжің қаласындағы Қазақстан мәдениет орталығында «Қазақ – Қытай қаламгерлері» атты халықаралық әдеби конференция өтті, деп хабарлайды Shalqar.kz. Іс-шара Зейнолла Сәнік шығармашылығына арналған арнайы кітап көрмесінің ашылуымен басталды.

Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Мереке Құлкенов Қазақстан мен Қытай арасындағы әдеби-мәдени байланыстың маңыздылығына тоқталды.

Ол Бейжіңде Қазақстанның алғашқы мәдениет орталығының ашылуы екі елдің стратегиялық серіктестігін нығайтуға ықпал еткенін, мәдени қатынастарды жаңа деңгейге көтергенін атап өтті. Соның ішінде қазақ және қытай әдебиеттерінің өзара дамуына жол ашатын жүйелі аударма ісін қалыптастыру қажетін айтты.

Пленарлық отырыста екі елдің жазушылары мен әдебиеттанушылары баяндама жасап, пікір алмасты. Қатысушылар Зейнолла Сәніктің шығармашылық мұрасын талқылап, Қазақстан мен Қытай арасындағы аударма мәселелерін, тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетінің даму ерекшеліктерін және әдеби жобалар арқылы мәдени ынтымақтастықты тереңдету перспективаларын сөз етті.

Конференция барысында спикерлер қазақ-қытай әдеби байланыстарын одан әрі дамытуға қатысты ұсыныстары мен бастамаларын ортаға салды.

Сондай-ақ, Қазақстан Жазушылар одағы мен Қытай Жазушылар қауымдастығы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат шығармашылық және кәсіби өзара іс-қимылды нығайтудағы маңызды қадам болды.

Бұдан бөлек, конференция аясында екі елдің жас қаламгерлерінің кездесуі өтті.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
user icon
Robertcledy <a href=https://mebel-3d.ru/libraries/news/?melbet_2020_promokod_dlya_registracii_besplatno.html >рабочий промокод Melbet бонус</a> – это шанс для новых пользователей получить больше золота при регистрации. Используйте в Melbet промокод сегодня – и расширяйте линейку бонусов на первый депозит! Промокод Мелбет – это набор символов, который пишется в специальное поле либо при регистрации, либо в игровом кабинете букмекерской конторы. Промокод не только активирует акцию, но и делает ее еще выгоднее. Найти промо коды просто на сайтах партнеров, ютуберов, каналах блогеров и в соц.сетях. Использование кодов выгодно в независимости от того, какой именно версии букмекерской конторы беттер отдает предпочтение. Офшорные букмекер предоставляет награды на спортивные ставки и на казино. На сегодня офшорный портал предоставляет приветственный бонус новичку на первый депозит на 100% от суммы пополнения счета. Максимальная сумма, которая может быть зачислена на бонусный счет – 8000. Она легко увеличивается, при использовании в Мелбет промо кода. Если раньше поднять сумму пополнения можно было до 9100 р., то сегодня награда за первое пополнение — 50 000 рублей. Депозит увеличивается не на 100%, а уже на 130%.

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться