Автор: ADMIN
Иранның Solico Group компаниясы елімізде жылына 200 мың тонна өнім шығаратын сүт комбинатын салады
Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы саласындағы ықпалдастықты дамыту қажеттігіне назар аударды, деп хабарлайды Shalqar.kz “ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне” сілтеме жасап.
– Иран – Қазақстан астығын сатып алатын негізгі елдің бірі. Былтыр агроөнеркәсіп кешеніндегі тауар айналымы 220 миллион долларға жетті. Ал биылғы он айдың ішінде астық саудасы 280 миллион долларға жуықтады. Біз ауыл шаруашылығына инвестиция салатын кәсіпкерлерді қолдаймыз. Қазіргі таңда бірқатар бірлескен жоба жүзеге асырылып жатыр. Мәселен, Иранның Solico Group компаниясын ерекше атап өтуге болады. Бұл компания елімізде жылына 200 мың тонна өнім шығаратын сүт комбинатын салуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ балаларға арналған тағам өнімдерін даярлау ісін қолға алмақшы. Бұған қоса, Kourosh Food Industry компаниясы Қазақстан нарығына қызығушылық танытып отырғанын білеміз. Осы компания елімізде өсімдік майын шығаратын және құс шаруашылығын дамытатын кәсіпорындар ашқысы келеді. Тағы да атап өткім келеді: біз ынтымақтастық орнатуға қашанда дайынбыз. Сондықтан Иран кәсіпкерлерін бірлесіп жұмыс істеуге, Қазақстанда заманауи өндірістер ашуға шақырамын, – деді Мемлекет басшысы.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
چيسلو پوگيبشيح پري پوجارە ۆ «پالاۋ ورتالىعى» دوستيگلو 11
يتالييادا XIV قىسقى پاراليمپيادا ويىندارى اشىلدى
Çislo pogibşih pri pojare v «Palau ortalığı» dostiglo 11
Последние новости
«Palau ortalığındağı» örtten qaza tapqandar sanı 11-ge jetti
«پالاۋ ورتالىعىنداعى» ورتتەن قازا تاپقاندار سانى 11-گە جەتتى
Çislo pogibşih pri pojare v «Palau ortalığı» dostiglo 11