Событие

Автор: ADMIN

Событие 2025-12-16 11:15:00

Біз әлеуметтік желілерде:

34

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

news single

      Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады,- деп хабарлайды "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

     Мемлекет басшысы бұл мерекенің ел үшін маңызы айрықша екенін атап өтіп, дәл осы күні халқымыз Қазақстанды егемен мемлекет ретінде дамыту жолында ерікті әрі түпкілікті таңдау жасағанын айтты. Президенттің айтуынша, Тәуелсіздік – бәрінен қымбат құндылық.

 

    Ол бабалар рухына тағзым етіп, өскелең ұрпақ алдындағы тарихи жауапкершілікті сезіне отырып, осы ұстанымға адал болу қажеттігін жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың ынтымағы мен өзара қолдауының, жасампаз еңбегі мен қоғамдағы тұрақтылықтың арқасында Қазақстан тәуелсіздікті нығайту жолында елеулі жетістіктерге жеткенін атап өтті.

 

   Сонымен қатар, қазіргі таңда әлемде жылдам өзгерістер болып жатқанын, түрлі сынақтармен қатар жаңа мүмкіндіктерге толы тарихи кезең басталғанын айтты.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться