Событие

Автор: ADMIN

Событие 2025-12-16 17:44:00

Біз әлеуметтік желілерде:

45

Тәуелсіздік түбі бір түркі халықтарының жақындасуына жол ашты — Мұрат Сабыр

news single

     16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні. Еліміз егемендік алған сәттен бастап түркі халықтары арасындағы қарым-қатынас жаңа деңгейге көтерілді,- деп хабарлайды "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

     Осы тақырып аясында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, «Түркітану және алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Мұрат Сабырмен сұхбат өтті. Ғалымның айтуынша, 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялағаннан кейін, оны әлемде бірінші болып ресми түрде мойындаған мемлекет — Түркия Республикасы болды.

 

    Сол күні Түркия Ұлттық мәжілісінің отырысы өтіп жатқанын айтқан Мұрат Сабыр, елдің сол кездегі президенті Тұрғыт Өзалдың мәжілісті тоқтатып, Қазақ елінің тәуелсіздік алғанын зор қуанышпен жариялағанын еске алды.

 

    — Бұл қадам Түркияның Қазақстанға көрсеткен саяси қолдауы ғана емес, сонымен бірге тарихи, тілдік, мәдени және рухани туыстыққа негізделген бауырластық ниетінің айқын көрінісі болды, — деді ол. Профессордың пікірінше, Қазақстанның тәуелсіздігі түркі дүниесінің тұтастығын нығайтып, өзара ынтымақтастықты тереңдетуге кең мүмкіндік ашты.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться