Қоғам

Автор: ADMIN

Қоғам 2025-12-17 14:17:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Қай отшашу түрлеріне тыйым салынады – ІІМ жауабы

news single

    Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Жаңа жыл мерекесін атап өту кезінде қандай фейерверктерді қолдануға тыйым салынатынын түсіндірді,- деп хабарлайды "Shalqar.kz" "Qazaqparat"  телеграм каналына сілтеме жасап.

 

    Оның айтуынша, мереке күндері қоғамдық тәртіпті сақтау мәселесіне ерекше назар аударылады. Бұл ретте заңдылық пен қауіпсіздік басты қағида болуы тиіс.

 

   — Аулалардың тазалығын бұзбайтын және өзге азаматтарға қауіп төндірмейтін шағын отшашуларды пайдалануға рұқсат етіледі. Алайда адамдардың өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ мүлкіне қауіп төндіретін, тұрғын аумақтарды ластайтын отшашуларға тыйым салынады.

 

    Мұндай жағдайларда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс аясында жауапкершілік көзделген, — деді С. Әділов Парламент Мәжілісінде журналистердің сұрағына жауап бере отырып.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться