Мир

Автор: ADMIN

Мир 2025-12-21 12:50:00

Следуй за нами

17

Ресей мен АҚШ келіссөзі 20–21 желтоқсанда Майамиде жалғасады

news single

      Ресей президентінің арнайы өкілі әрі Ресей тікелей инвестициялар қорының бас директоры Кирилл Дмитриев Украина мәселесі бойынша келіссөздер Флорида штатының Майами қаласында жергілікті уақыт бойынша 20 және 21 желтоқсанда жалғасатынын мәлімдеді,- деп хабарлайды "Shalqar.kz" "Qazaqparat"  телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

    «Талқылау сындарлы түрде жүріп жатыр», – деді Кирилл Дмитриев. Оның айтуынша, 20 желтоқсанда Кирилл Дмитриев АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткоффпен, сондай-ақ Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнермен кездесу үшін Америка Құрама Штаттарына барған.

 

    Бұған дейін хабарланғандай, екі күнге созылған АҚШ пен Украина арасындағы келіссөздер 20 желтоқсанда Майамиде аяқталған.

 

   Украина делегациясының басшысы, Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рүстем Умеров Майамиде «америкалық және еуропалық серіктестермен» кездесулер өтетінін айтқанымен, нақты мәлімет берген жоқ.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться