Автор: ADMIN
Қазақстан – туристер үшін жаңа тренд: әлемдік БАҚ не дейді?
Соңғы уақытта халықаралық басылымдар Қазақстанды туристік әлеуеті жоғары ел ретінде жарыса жазуда. Әлемге әйгілі БАҚ біздің мәдени мұрамызға, табиғи сұлулығымызға және ерекше гастрономиялық дәстүрлерімізге ерекше қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Алматы – Орталық Азияның жаңа стиль астанасы
CNN Travel 2025 жылы баруға ең қолайлы қалалар тізімінде Алматыны атап өтті. Басылымның пікірінше, бұл қала – өзіндік мәдениеті, дәмді асханасы, белсенді түнгі өмірі және таңғажайып табиғатымен саяхатшыларды баурап алатын ерекше бағыт.
Қазақ асханасының жаңа дәуірі
Condé Nast Traveller дәстүрлі қазақ тағамдарының қайта жандануын ерекше атап өтті. Ұлттық асхана – бүгінде Қазақстанның туристік брендіне айналуда. Шетелдік қонақтар қымыз, бауырсақ, бешбармақ сынды тағамдардан дәм татып, қазақ халқының мәдениетімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алуда.
Forbes Italia: Қазақстан – саналы туризм үшін мінсіз бағыт
Forbes Italia мақаласында Қазақстанның «баяу туризм» (slow tourism) ұғымына толық сәйкес келетінін жазды. Елдің кең байтақ даласы, табиғи қорықтары мен таза экологиялық аймақтары – саяхатшыларға ерекше әсер қалдыратын факторлар. Сондай-ақ, Қазақстан мен Италия арасындағы тікелей әуе рейстері туризмді жаңа деңгейге көтеріп отырғаны айтылған.
Америкалық журналистердің көзімен Алматы
АҚШ-тың саяхатшылар қауымдастығы Almaty Through American Eyes атты кітап шығарды. Бұл туындыда Қазақстанның табиғи көрікті жерлері, дәстүрлері мен мәдениеті туралы әсерлі әңгімелер жазылған. Батыс аудиториясы үшін бұл Қазақстанды жаңа қырынан ашуға мүмкіндік береді.
Жапон саяхатшылары үшін нұсқаулық
Globe Trotter Central Asia 2025-2026 атты жапон тіліндегі басылым Қазақстанды Орта Азиядағы басты туристік бағыт ретінде ұсынды. Бұл кітапта еліміздің ең әсем жерлері – Шарын шатқалы, Қайыңды көлі, киелі Түркістан, көркем Бурабай туралы жан-жақты ақпарат берілген.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Şımkentte balalarğa beriletin birjolğı äleumettik kömek jıl soñına deyin tölenedi
Алматыда 27-31 қазан аралығында электр жарығы уақытша өшіріледі
الماتىدا 27-31 قازان ارالىعىندا ەلەكتر جارىعى ۋاقىتشا وشىرىلەدى
Последние новости
Almatıda 27-31 qazan aralığında elektr jarığı uaqıtşa öşiriledi
الماتىدا 27-31 قازان ارالىعىندا ەلەكتر جارىعى ۋاقىتشا وشىرىلەدى
V Almatı s 27 po 31 oktyabrya vremenno otklyuçat elektriçestvo