Автор: ADMIN
Норвегиялық гроссмейстер Алматыны «өте лас қала» деп атады
Шахматтан экс-әлем чемпионы Магнус Карлсен танымал подкастер Джо Роганға берген сұхбатында Алматыда өткен шахмат чемпионаты жайлы пікір білдірді. Ол қаланың экологиялық жағдайына көңілі толмағанын атап өтті, деп хабарлайды Shalqar.kz
«Шахматтан әлем чемпионаттары көбіне ерекше жерлерде өтеді. Бұл чемпионат Алматыда өтті. Ал бұл өңір, кем дегенде қыста, өте ластанған және аса жайлы емес. Алматының төменгі бөлігінде, қала ішінде болу мүлдем мүмкін емес», – деді норвегиялық гроссмейстер.
Дегенмен, Карлсен қаладан бір сағаттық жерде керемет табиғат бар екенін айтып, Қазақстанның ерекше пейзаждарына тәнті болғанын жеткізді. «Қаладан бір сағаттық жерде сіздерде Альпіге ұқсас керемет таулар бар. Олар 3,5 мың метр биіктікке дейін көтеріліп, таңғажайып көрініс сыйлайды. Тау басына шығып, керемет шаңғы демалысын өткізуге болады», – деді шахматшы.
Еске сала кетейік, Магнус Карлсен 2022 жылы Алматыда өткен жедел шахмат (рапид) бойынша әлем чемпионатында жеңіске жеткен еді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Senat maqwldağan jaña zañ: notariustardıñ jauapkerşiligi küşeytiledi
قازاقستان قۇراماسى ۆولەيبولدان ازييا كۋبوگىندا ۇزدىك بەستىككە ەندى
سەنات ماقۇلداعان جاڭا زاڭ: نوتاريۋستاردىڭ جاۋاپكەرشىلىگى كۇشەيتىلەدى
Последние новости
Senat maqwldağan jaña zañ: notariustardıñ jauapkerşiligi küşeytiledi
سەنات ماقۇلداعان جاڭا زاڭ: نوتاريۋستاردىڭ جاۋاپكەرشىلىگى كۇشەيتىلەدى
Senat odobril zakon ob usilenii otvetstvennosti notariusov