Событие

Автор: ADMIN

Событие 2025-12-25 15:54:00

Біз әлеуметтік желілерде:

36

Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағы беріледі – Қасым-Жомарт Тоқаев

news single

     Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев даңқты қолбасшы, Ұлы Отан соғысының батыры Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді,- деп хабарлайды "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

   Президенттің айтуынша, кеше батырдың туғанына 115 жыл толған. Оның ерлік жолы тек елімізде ғана емес, шетелдерде де кеңінен танымал. 

 

    Тарихи әділдік қалпына келеді

 

     Мемлекет басшысы халқымыз Бауыржан Момышұлын қаһарман тұлға ретінде ерекше құрмет тұтатынын, алайда оған осы уақытқа дейін ресми түрде «Халық қаһарманы» атағы берілмегенін атап өтті. Бұл мәселені өңір жұртшылығы, зиялы қауым өкілдері мен жастар көтеріп келгенін жеткізді. «Тарихи әділдікті қалпына келтіруіміз керек», – деді Президент. 

 

      Жарлыққа қол қойылды

 

     Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысы ретінде тиісті Жарлыққа бүгін қол қойғанын, құжаттың міндетті түрде жарияланатынын айтты. Президент батырдың есімі отаншылдық пен өшпес ерліктің символы ретінде әрдайым үлгі болуы тиіс екенін атап өтті.

 

   Ерлік – аңыз емес, ақиқат

  Мемлекет басшысының сөзінше, Бауыржан Момышұлының ерлігі – жай аңыз емес, нақты құжаттармен дәлелденген, соғысқа қатысқан батырлар мойындаған шынайы ерлік. «Елге ерлігімен танылған, еңбегі сіңген азаматтарын бағалай білген жұрт ешқашан ұтылмайды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться