Автор: ADMIN
Өзбекстан Дүниежүзілік сауда ұйымына 2026 жылы қосыла ма?
Өзбекстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) мүше болуы 2026 жылы мақұлдануы мүмкін. Бұл туралы ел президентінің ДСҰ мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Азизбек Урунов мәлімдеді, деп хабарлайды Shalqar.kz.
18-19 ақпанда өткен ДСҰ Бас кеңесінің отырысында Өзбекстан, Эфиопия және Босния-Герцеговинаның ұйымға қосылу мүмкіндігі талқыланды. Ұсынысты 26 мүше-мемлекет қарастырып, оның 16-сы ресми Ташкентті қолдады. Егер шешім мақұлданса, Өзбекстанға салық саясатын ұйым талаптарына сәйкестендіруге уақыт беріледі.
Ұлыбритания Өзбекстанға ДСҰ-ға қосылу процесінде техникалық көмек көрсететінін мәлімдеді. Бұған дейін Ташкент АҚШ және Қытаймен келіссөздерді сәтті аяқтаған.
Президент Шавкат Мирзиёевтің айтуынша, Өзбекстанның ДСҰ-ға қосылу процесі аяқталуға жақын. Егер ел ұйымға толық мүше атанса, бұл оның халықаралық саудадағы орнын нығайтып, жаңа экономикалық мүмкіндіктерге жол ашуы мүмкін.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Число погибших при пожаре в «Палау орталығы» достигло 11
چيسلو پوگيبشيح پري پوجارە ۆ «پالاۋ ورتالىعى» دوستيگلو 11
يتالييادا XIV قىسقى پاراليمپيادا ويىندارى اشىلدى
Последние новости
«Palau ortalığındağı» örtten qaza tapqandar sanı 11-ge jetti
«پالاۋ ورتالىعىنداعى» ورتتەن قازا تاپقاندار سانى 11-گە جەتتى
Çislo pogibşih pri pojare v «Palau ortalığı» dostiglo 11