Мир

Автор: ADMIN

Мир 2025-12-30 18:55:00

Следуй за нами

26

Алматы – Чэнду Тяньфу бағытында тікелей рейс ашылды

news single

     Алматы мен Қытай Халық Республикасының Сычуань провинциясындағы Чэнду Тяньфу әуежайы арасында тікелей әуе рейсі іске қосылды,- деп хабарлайды "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

    Жаңа бағытты Air China әуекомпаниясы жүзеге асырады. Алматы әкімдігінің мәліметінше, CA456 рейсі аптасына екі рет — сейсенбі және сенбі күндері Airbus A320 әуе кемесімен орындалады.

 

   Ұшақ Алматыдан сағат 21:30-да аттанып, Чэнду қаласына келесі күні жергілікті уақыт бойынша 04:30-да қонады. Чэнду – Алматы бағыты бойынша ұшу уақыты шамамен 3,5 сағатты құрайды.

 

   Бұл транзиттік рейстермен салыстырғанда кемінде 7 сағат уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Ал Алматыға кері рейстің ұзақтығы шамамен 5 сағат.

 

   Қазіргі таңда Алматы әлемнің 60 қаласымен тікелей әуе қатынасын орнатқан. 2025 жылы қалада 13 жаңа халықаралық әуе бағыты ашылды.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться