Автор: ADMIN
83 жылдық белгісіздік: Жұмахан Бірімжановтың жерленген орны табылды
Екінші дүниежүзілік соғыстың ұмытылған беттерінің бірі қайта ашылды. Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты, заңгер Ахмет Бірімжанов пен Алаш қозғалысының қайраткері Ғазымбек Бірімжановтың туған інісі – Жұмахан Бірімжанов 83 жыл бойы хабар-ошарсыз кеткен сарбаздардың қатарында болған еді. Алайда жуырда оның жерленген орны анықталды, деп хабарлайды Shalqar.kz тілшісі «egemen.kz»сайтына сілтеме жасап.
Жұмахан Қорғанбекұлы Бірімжанов 1919 жылы Қостанай облысы, Торғай ауданының №3 ауылында (қазіргі Ә. Жангелдин ауданы) дүниеге келген. Ол соғыс басталғанда Алматы қаласының Фрунзе аудандық әскери комиссариатынан әскерге шақырылып, майданға аттанады.
Ұзақ жылдар бойы оның тағдыры белгісіз болып келді. Тек 83 жылдан кейін ғана, тарихи деректерді зерттеу нәтижесінде, Жұмахан Бірімжановтың 1942 жылдың 19 желтоқсанында Ресейдің Волгоград облысы, Советское елді мекенінде шайқас кезінде ерлікпен қаза тапқаны белгілі болды. Оның сүйегі кейіннен Волгоград облысы, Калачевский ауданы, Калач-на-Дону қаласындағы «Pavших борцов» алаңында орналасқан бауырластар зиратына қайта жерленген.
Бұл жаңалық – соғыста шейіт кеткен боздақтардың есімі ешқашан ұмытылмайтынын тағы бір дәлелдеді. 83 жыл бойы белгісіздікте болған жауынгер рухы енді өз туған-туыстарының жүрегінде және ел тарихының жарқын беттерінде мәңгілік сақталмақ.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
بەنزين باعاسىنىڭ كۇرت وسۋىنە جول بەرمەيمىز – ەنەرگەتيكا مينيسترى
Бензин бағасының күрт өсуіне жол бермейміз – Энергетика министрі
Последние новости
Benzin bağasınıñ kürt ösuine jol bermeymiz – Energetika ministri
بەنزين باعاسىنىڭ كۇرت وسۋىنە جول بەرمەيمىز – ەنەرگەتيكا مينيسترى
Mı ne dopustim rezkogo rosta cen na benzin – ministr energetiki