Қоғам

Автор: ADMIN

Қоғам 2026-01-20 13:18:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Ерлан Қарин: Бурабайдағы құрылтайдың нәтижесінде 6 заң қабылданып, 10 заң жұмысқа алынды

news single

     Қызылордада өтіп жатқан V Ұлттық құрылтайда Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысының негізгі қорытындыларына тоқталды,-деп хабарлайды  "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

     Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында құрылтайдан кейін 53 тармақтан тұратын арнайы жоспар бекітілген. Аталған жоспар аясында бірқатар бағыт бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілген.

 

     — Құрылтай бастамаларын іске асыру барысында Парламент депутаттарының қолдауымен өткен жылы 6 заң қабылданды. Сонымен қатар 10 заң жобасы жұмысқа алынды, — деді Мемлекеттік кеңесші.

 

    Ерлан Қарин қабылданған заңдар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу, жекеменшік нысандарға атау беру тәртібін жүйелеу, қоғамдық орындарда бет-жүзді бүркейтін киімге тыйым салу, сондай-ақ археология саласын реттеу мәселелерін қамтығанын атап өтті.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться