Қоғам

Автор: ADMIN

Қоғам 2026-01-20 13:35:00

Біз әлеуметтік желілерде:

2026 жылы салық режимін қалай таңдауға болады

news single

     2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі қолданысқа енгізілді,-деп хабарлайды "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

     Осыған байланысты арнаулы салық режимдерінің саны қысқартылып, үшке дейін оңтайландырылды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Арнаулы салық режимдерін әкімшілендіру басқармасының басшысы Ерқанат Шыңбергеннің айтуынша, бұрын қолданыста болған жеті арнаулы салық режимінің орнына қазір үш негізгі режим қалдырылған.

 

    — Жаңа Салық кодексі аясында арнаулы салық режимдері қысқартылды. Қазіргі таңда үш арнаулы салық режимі бар. Біріншісі — оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі. Екіншісі — өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимі.

 

    Үшіншісі — шаруа және фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі, — деді ол. Жаңа өзгерістер салықтық әкімшілендіруді жеңілдетуге және кәсіпкерлер мен азаматтар үшін салық жүйесін анағұрлым түсінікті етуге бағытталған.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться