Тарих

Автор: ADMIN

Тарих 2026-01-20 13:55:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Биыл көктемде Жошы хан туралы фильмді түсіру жұмыстары аяқталады

news single

     Биыл көктемде Жошы хан туралы деректі фильмді түсіру жұмыстары толық аяқталады,-деп хабарлайды  "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

    Бұл туралы Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. Президенттің айтуынша, соңғы жылдары Қазақстанда сан ғасырлық тарихи мұраны ғылыми тұрғыдан зерделеу және кеңінен дәріптеу бағытында елеулі жұмыстар атқарылып келеді.

 

   — Біз соңғы жылдары тарихи мұрамызды жүйелі түрде зерттеу мен насихаттау ісінде бірқатар маңызды нәтижелерге қол жеткіздік. Биыл көктемде Жошы хан туралы деректі фильмді түсіру жұмыстары аяқталады.

 

    Бұл ауқымды жобаның басталғаны туралы Атырауда өткен құрылтай отырысында айтқан болатынмын. Көп сериялы фильмнің тұсаукесері беделді халықаралық платформаларда өтеді, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться