МҰРА

Автор: ADMIN

МҰРА 2025-11-28 18:40:00

Біз әлеуметтік желілерде:

17

Қиямет қиссасы

news single

   Бисмилләһил қолыма алдым қалам,

   Жаратқан рақым хаулу өзің панам.

   Хат жазған қалам алып,

   Ақыт пақыр, Бере көр өзің жәрдем хақ тағалам.

   Сөйле деп бағыландарым әмір қылса,

   Айтпасқа мен пақырда бар ма шарам?

  Ғарышта осындайда азаматтар,

  Құтылмас ажал келсе барша ғалам.

 Жалғаннан бұрынғылар өтпеді ме?

 Жол салған әуел баста хазіреті Адам.

 Халыққа мирас тастап кетпеді ме?

Байқамай ғапыл жүрміз біз бір надан.

Өлшеулі бұл жалғаннан бітсе дәмің,

 Ілгері баса алмайсың жалғыз қадам.

Өтіпті әуел баста Адам ата

 Пәнденің қылған ісі бәрі қата

 Айдаған мыңмен санды бай болсаңда

 Бойыңа жапсырарың жалғыз мата

Сол жақсы мал басыңнан көрінеді

 Бір адам қолын жайып берсе бата

 

Бұл күнде әй, жігіттер халын нашар

 Ісіңнің қолдан келер атын ата

Махшарда намаз солдан келген пәнде

 Қайғының сарғаяды дәмін тата

 Өтіпті Әбіл, Қабыл хазіреті

Шис Дозақ бар жеті түрлі қайнаған пеш

 Пәделер сол дозақтан қорықсаңыздар

 Зікір айт бір Аллаға ертелі-кеш

Өтемей қиямет күн құтылмассың,

 Алланың парыз қылған әмірі бес.

 Сұм нәпсі ақыретте қатты дұшпан

 Жалғанда ерік берген еңбегің еш.

 Бастайды тұра жолға анық молда,

Тіл тигізіп, күнәлі болмаңыз өш.

Ғұмырың кіре тартқан саудагердей,

Жолыңда ақыреттің қыларсыз күш.

Билеген дүние-жүзін хан болсаңда,

 Жаныңды ажал келсе қоймайды еш.

 Өтіпті Ыдырыс пен хазіреті Нұх,

 Пәнделер бұл сөзіме құлағың тік

 Аллаға құлшылықтың жөні осылай

Балаңды жеті жастан намазға жық.

Сапары ақыреттің ұзақ болар,

 Азықты күннен бұрын даярлап шық.

Мекендер ғарып басың көрде жалғыз,

Серік боп екі кісі болмайды жұп.

Өтіпті Хұд пайғамбар нәбіи Салих,

Дүниеде толып өтті талай халық.

 Сұм дүние баянсыз ,жолдас емес

Халайық, осындай да қимылдалық

 Зүлкәпіл және өтті хазіреті Лұт

Қаламыз ендігіміз қайда барып.

Қарасат майданында бір қосады,

Пәндені жиып-теріп айдап алып.

Ісіңді жақсы-жаман мәлім етіп,

 Тұрады Мұнадилар айқай салып.

 Япырым-ау бұл неткен қатты күн деп,

Тұрады пенде байқұс қайран қалып.

Жол кешіп неше түрлі миқанатпен

 Жетеді ғаріп басың өліп-талып.

Жетім бала көзденіп мөлиесің,

 Кетпесең құлшылық қып азық салып.

Ибраһим, Исмағұл өткен Ысқақ

Соларды ойлағанда тақатым тақ

 Сөйлей бер Ақыт пақыр аманыңда

Отыз тіс, қызыл тілім таусылма жақ

Маңдайда құдай берген бағың болса

Жігіттер аянбастан ғарыштап бақ.

Сақауат қайыр қылып, киіп-ішіп,

Бар болса жорға-жүйрік міндағы шап.

 Жалғанда өлмейтұғын жан бар ма екен

 Адамға қандай тәуір тіршілік шақ.

Бұл жалған сүйтіп жүріп тұпке жетер

Мінсеңде жиһан билеп, алтыннан тақ

 Тірлікте ашты-тоқты күн көреміз

Құдай-ау ақыретте бере көр бақ.

Аштан өліп кетердей дүние құдық

 Кейінгі ойымызда жоқ қиямет жақ.

Өтіпті Яқұп нәби Сыдық, Юсуп

Дүниені пенде қуар мейірі түсіп

 Кей пенде қалтақ қағып күн көреді

 Өз малын бай болса да өзі қысып,

Біле ме сұм жалғанның алдағанын

 Киеді жыртық киім тарта пішіп

Сондай жан құлшылыққа мойындамас

 

Ақыт Үлімжі ұлы

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться