Автор: ADMIN
Лұқман
Құранда Лұқман сүресі 17,18,19 аяттарда баян етіледі.
2- Айтқан насихатыңды өзің де істе.
3- Күшің жететіндей сөз айт. Жұмыс та солай.
4- Әркімнің қадірін, шамасын біліп жүр.
5- Әркімнің құқығын таны. Ол адамдықтың сыры.
6- Сырыңды сақта, еш болмаса күлкі болмайсың
7- Досыңды басыңа қиындық келгенде сына, бай болсаң кім дос болмайды.
7- Ағайыныңды пайда, зиянмен сына. Пайда бере берсең дұшпан да дос болады.
8- Ақымақ наданнан қаша жүр. Көп аралассаң кірлейсің, жақсылық-жамандық оған бірдей.
9- Досың зерек білетін болсын. Жақсылықты білген соң жамандыққа жол жоқ.
11- Жақсы іске асық. Өткен өмір келмейді.
12- Әйелдерді сыйла, аяла, бірақ сенбе.
13- Өлшемді, жөнді білетін адаммен таныс.
14- Айтқан нәсихатыңды куәлап, дәлелдеп айт Сұрап жатса ұялып қалуың мүмкін.
15- Жастықтың қадірін біл, кәртейгенде не істей аласың.
16- Жас кезде екі дүние үшін жұмыс істе.
17- Дос тамырыңды сыйлап жүр, тірліктің сыры.
18- Дос, дұшпаныңа қабағыңды ашып жүр, дұшпаның дос болуға жолы ашылсын.
19- Әке-шеше қадірін біл, негізгі қарауылың ол.
20- Ұстаздардың қадірін біл, жақсылық үйреткен солар ғой.
21- Шығыныңды пайдаңа қарай жаса, қарыздар болып қалуың мүмкін. (Көрпеңе қарай көсіл...)
22- Әр жұмыста орташа бол, көзге түспессің.
23- Жомарт болып үйрен, қарау болма.
24- Қонағыңның жөнін, қызметін біліп істе.
25- Біреудікінде көзіңді, тіліңді абайла.
26- Киімің таза болсын, адам болудың бір сыры.
27- Көптің ішінде жүруді үйрен, саяқ болма.
28- Балаларыңа білім-өнер үйрет, мергендік, ат міну сияқты.
29- Киімді оңнан бастап ки, солдан шеш.
30- Әркімнің шама халына қарай қайрымды бол. Нан сұраса темір, не кітап беріп жүрме.
32- Аз жеу, аз ұйықтауды әдет қыл. Олжаң көп болар.
33- Жақсы көрмеген нәрсеңді, басқаға да арнама, адамдық сенімің артар.
34- Білмеген нәрсеңді елге үйретпе, зиян бересің.
35- Жұмысты мұқият біліп істе, өкінбессің.
36- Бала-шағаңа сырыңды айтпа. Абыройың төгілер.
37- Кісінің малына көз салма, бермесе қайтесің.
38- Жаманнан жақсылық күтпе, арпадан бидай өсе ме?.
39- Әр жұмысты ойлап істе, тастауың қиын.
40- Істемегенді есепке алма, ақылға сыймайды.
41- Әр жұмысты уағында істе, ертеңге қалдырма.
42-Үлкенді мазақ қылма, тілден не қолдан таяқ жерсің.
43- Мәртебелі адамға қысқа сөйле, басқаның да жұмысы бар.
44- Көпке ауыр қалжың айтпа, көтерерін білмейсің.
45- Сұрағанды үмітсіз қылма, ақылмен аралас.
46- Өткен өштікті айтпа, жазылған жараны қасығандай.
47- Басқаның жақсылығын өзіңмен өлшеме, әркім шамасына қарай жүк көтереді.
48- Малыңды дұшпаныңның қолына қойма.
49- Жекжаттықты жекжатыңнан алма, еш болмаса басқадан жақсы ғой.
51- Көзің өзіңе түссе басқаны көре алмайсың.
52- Адамдармен әдепті тұр, сыйлы боларсың.
53- Саусағыңды шошайтпай сөйле, менсінбей.
54- Адамдар арасында тісіңді шұқыма.
55- Көп арасында қақырып сіңбірме.
56- Есінегенде қолыңды аузыңа қой.
57- Елге жалқаулық көрсетпе, сенен өнеге алады.
58- Мұрныңды шұқыма, қан ағуы мүмкін.
59-Қалжың аралас сөз айтпа, шын сөзің зая болады.
60- Біреуді көп арасында ұялтпа, басыңа келеді.
61- Қас қағып, көз қысып сөйлеме, бала емессің.
62- Өткен сөзді қайталама, әдет қылма, бұрын елемесе, енді елеуі мүмкін.
63- Күлдіретін сөзден қаш, бұл дүниеге күлу үшін келмедің.
64- Семья сырыңды сақта, жақсылығыңды елге мақтанба.
65- Әйелге ұқсап сұлуланба, ер болуды үйрен.
66- Балаларыңның көңілін табуды армандама, шамаңды біл.
68- Сөйлегенде қолыңды көп қозғама.
69- Әркімнің сыйын біл, құрметте.
70- Біреудің жамандығына қосылма,
71- Өлгендердің жамандығын айтпа.
72- Әркіммен келіс, дұшпан болма, тыныштық ойла
73- Әртүрлі күшті сынауды әдет қылма.
74- Көптің арасында сыналған адамда шегің болмасын, көп күшті.
75-Тамағыңды басқаның дастарқанында жеме, үйің өкпелейді.
76-Жаман іске асықпа, кешіксең жақсы болар.
77- Дүние үшін ренжіме, ренжіспе.
78- Өзін танығанды таны.Өз мініңді түсін.
79- Ашуланғанда қолыңды,тіліңді абайла.
80- Жеңіңмен мұрныңды сүртпе, жуу қиын.
81- Күн шығып келе жатқанда ұйықтама,
82- Бермесең адамдар алдында тамақ жеме.
83- Жол жүргенде жасаулының алдына түспе
84- Сөйлесіп тұрған адамның арасына кірме.
85- Адамдар арасында басыңды тізеңе сүйеп отырма.
86- Жүрерде оң-солға көп қарама, алдыңа қара.
87- Шамаң болса жалаңаш көлікке мінбе.
88- Қонағыңның алдында басқаға кейіме.
91- Өтірікшімен бірге отырма, көптің арасында отырсаң зиян болмас.
92- Пайда, зиян үшін абыройыңды төкпе.
94- Елдің дұшпандығын өзіңе сатып алма, қасқа дос ал.
95- Өсек-аяң, қақтығыстан алыс жүр.
96- Ақшасыз, пышақсыз, сақинасыз жүрме. Ол тірліктің құралы.
97- Жұртты сыйла, сыйланарсың.
98-Талапты бол.(Талаптыға нұр жауар дегендей)
99- Аллаға адал бол.(тура жүрген жол табар)
100- Жұрт малына көз салма. ( берсе тастама, бермесе қақсама)
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Oleg Sokolenko zavoeval serebro na mejdunarodnom turnire v Germanii
Oleg Sokolenko Germaniyadağı halıqaralıq turnirde kümis jülde aldı
Последние новости
Almatıda elektr jelileriniñ zaqımdanuına baylanıstı eki köşede kölik qozğalısı şekteledi
الماتىدا ەلەكتر جەلىلەرىنىڭ زاقىمدانۋىنا بايلانىستى ەكى كوشەدە كولىك قوزعالىسى شەكتەلەدى