Автор: ADMIN
Ата-анаға құрмет
Ей, перзентiм, бiлгенiң жақсы, жыныс қатынасы — дүниенiң ең ұлы ләззатының бiрi, бiрақ оның қызығына алданып, көп шұғылданба. Жыныс қатынасына құнығу деген дене құрылыс, жан дүниеңе зиянды. Егер бұл мәселеде өзiңдi-өзiң билей алмасаң, есiңде болсын, мас немесе көңiлсiз кезiңде қатынас жасамағаның жақсы. өйткенi ондай жыныс қатынасы кезiнде жан дүниеңнiң ләззаттанғанын сезбей қаласың. Денiң сау, көңiлдi кездегi қатынастың ләззатынан жан дүниең түгел хабардар болып, оның рахатына кенеледi.
Мезгiлдi-мезгiлсiз, ойыңа түскен кез келген жерде жыныс қатынасын жасай беру — хайуанның iсi. Адамның адамгершiлiк қасиетi хайуандықтан аулақ болуында. Егер бiрнеше әйелiң болған жағдайда, оның бәрiне де көзқарасың бiрдей болуы шарт. Сонда ғана өкпе-араз, дұшпандықтан құтыласың. Аңсап-сағыну нәтижесiнде болған жыныстық қатынасының қадiр-қасиетi айрықша қымбат және қызықты. Ынтызарлық — жақсы қасиет, бiрақ ынтызарлықпен әр күн сайын далада да, моншада да, ыстықта да, суда да жыныс қатынасын жасау зиянды. Оның зиянды салдарын қартайғанда бiлесiң. Көктем, жаз айларындағы табиғаттың құлпырып тұрған сәттерiндегi жыныс қатынасының ләззатынан жан дүниең рахаттанады.
Табиғаттың мәуе байлап, жетiлген кездерiнде адамның да денесiнде қан көбейiп, күш-қуаты, шаһуаты көбейедi. Бұл кездегi жыныс қатынасының зияны болмайды. Жыныс қатынасын белде шаһуатың жеткiлiктi жағдайда жасауың шарт. Ал ол жеткiлiксiз жағдайда жасаған қатынас өзiңдi-өзiң зорлаумен тең. Оның пайдасы жоқ. Денеңнен қан алдырған кезде жыныс қатынасынан сақтанғаның жақсы. Қанды күннiң ыстығы немесе суығында алдыруыңа болмайды. Қан көбейiп кеткен жағдайда, шарап iшуден сақтанып, тағам жеудi шектеумен реттегенiң жақсы.
Ей, перзентiм, жаз бен күз айларында да жыныс қатынасымен шектен тыс шұғылдану өзiңе зиянды. Жыныс қатынасының пайдалы жағдайлары да болады. Олар, бiрiншi, көңiлiңдегi кiрбiң, қайғы-құсалықтан арылтады. Екiншi, денеде пайда болатын кейбiр безеу, бөртпе сияқты терi кеселдерiнен сауықтырады дейдi.
Шектен тыс жасалған жыныс қатынасының пайдасынан зияны көп. Ол, бiрiншiден, дененi әлсiздендiредi. Екiншi, аяқ, бел ауруы, бас ауруы сияқты, көздiң нұрын (көру қабiлетiн) төмендететiн жағдайларға тап қылады. Сондықтан да Әзiретi Әлi: «Шектен тыс жасалатын жыныс қатынасы ер кiсiнiң күш-қуаты мен көз нұрын төмендетедi» деп босқа айтпаған.
(«Қабуснама» кiтабынан)
Ата-ананы құрметтеу туралы
Ей, перзентiм, ата-ананы құрметтеуiң қажет екенiн ақыл-ой, парасат тұғырынан байқап бiлгейсiң. өйткенi әрбiр перзенттiң тегi ата-ана ғой. Не үшiн ата-анама құрмет жасаймын деп, ойыңа алма. Олар сен үшiн өзiн өлiмге де қиятыны белгiлi... Егер әрбiр перзент ақылды және дана болса, ол ата-ананың мейiр-махаббатын құрметтеуден бас тартпайды... Ата-ананың мiндетi - тәрбиелеу және жақсылық үйрету.
Ей, перзентiм, ата-анаңды ешқашан ренжiтушi болма... Олардың көңiл күйiне қаяу салып, қапаландырмағын.
Сен ата-ананың қарызын ақтау iсiне дiн деңгейiнен қарамасаң да, адамгершiлiк, ақыл-ой, парасат биiгiнен қарағын.
Сенi жан-дiлiмен жақсы көрiп, тәрбиелеп жүрген ата-ананың көңiлiн қалдыратын құрттай iс жасасаң, сен ешқандай да жақсылыққа лайықты жан емессiң, өйткенi кiмде-кiм ата-ананың жақсылығын бiлмесе, басқа бiреудiң жақсылығын да бағаламайды.
Егер сен, өз перзентiм құрмет қылсын десең, сен де ата-анаңды құрметте, сен ата-анаңа не iстесең, саған перзентiң де соны жасайды. Перзент жемiске, ата-ана жемiс ағашына ұқсайды. Жемiс ағашын жақсы күтсең, жемiсi де дәмдi, жақсы болады. Сол сияқты ата-анаға деген iзет, құрметiңдi аямасаң, саған деген олардың iзгi тiлегi қабыл болғаны.
Мирасқорлық, арсыз ниетпен ата-ананың өлiмiн тiлемегейсiң.
Солардың мал-мүлкi арқылы сен де мал-мүлiкке ие боласың. Тапқан табысыңды бөлшектеп бөлiп, күнделiктi тiршiлiк деп, өзiңдi өзiң қинама. Бiреудiң дүниесiн пайдаланам деп, әуреленбе... Сенен жағдайы жақсырақ адамды күндеме!
Малсыздықтан жарлы болсаң да, ақылға бай болу үшiн жаса. өйткенi малмен бай болғаннан гөрi, ақылға бай болу жақсырақ. Наданның жарлы болуы демде. Аңдасаң, ақыл деген - бiр қымбат нәрсе. Оны ұры алып кете алмайды, ол отқа жанып, суға ақпайды.
Егер ақылың болса, өнер үйрен, өйткенi өнерсiз ақыл - киiмсiз дене, яғни кескiнсiз адам сияқты деуге болады. «Бiлiм - ақылдың ажар - көркi» деп, босқа айтылмаған.
(«Қабуснама» кiтабынан)
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
تاربيە دەگەن تاڭىر بار
ТӘРБИЕ ДЕГЕН ТӘҢІР БАР
تاربيە نەگIزI – وتباسىندا
Последние новости
WLTTIQ TÄRBIENİÑ OTBASINDAĞI MAÑIZI
ۇلتتىق تاربيەنىڭ وتباسىنداعى ماڭىزى
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ОТБАСЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫ