Автор: ADMIN
ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ҚАЖЕТТІЛІК
Көне нанымдар дегеніміз не, ол тек ескілікті көзқарасты ғана білдіре ме? Оның ғылыммен, ұлттық тәрбиемен байланысы бар ма? Көпшілігіміз ұзақ жылғы атеистік тәрбиенің ықпалында болып, жаратылыстану ғылымының құпияларын зерделеп оқығандықтан көне нанымдарға селқостықпен қараймыз. Шындығына келгенде әлем халықтарының мәдениеті мен тарихының бастаулары осы нанымдардан тараған.
Халықтардың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, ырымдары мен тиымдары, осы көне нанымдардың өзгеріске түскен үлгілері. Европа елдерінің көпшілігінде дәстүрлі тиымдар халық арасында көп айтыла бермейді, ұмытылған. Себебі, тиымдардың дені сол мемлекеттердің заңының ішкі статьяларына айналып кеткен. Оған неміс халқының заңдарын мысал етуге болады. Тіпті қазіргі сан-салалы ғылымдардың да шығуына нанымдар ықпал еткен. Кез келген көне наным-сенімдерден сол этностардың айналысқан кәсібін байқауға болады. Оған Қазақстан жартастарының бетіне бедерлеп салынған түрлі аң мен қыран құстардың суреттері, жыландардың кескіндері де дәлел. Бұл ертедегі ата-бабаларымыздың осыдан туып-жаралдық деген тотемдік ұғымдарын бейнелейді.
Кейде біздің ата-бабаларымыз қайдан, қалай жаратылды деген мифтік нанымдарын адамның басын дөңгелектеп күннің бейнесіне келтіріп, ішінен 3.7.9 шеңбер жасайтындығы білдіреді. Кейін осы символикалық бейнелер, алғашқы жазулардың шығу тарихы болды. Осыдан келіп адам мен дүниенің жаратылысы туралы мифологиялық ойлары, аңдар мен құстардың қай түрлері көп болса, біз содан жаралдық деген тотемдік ұғымдары қалыптасты. Мәселен, қасқырдың аспанға қарап ұлуы арқылы ол аспандағы Тәңір иесімен тілдесіп тұр деген пікірде болған.
Міне, осылайша мифологиялық ойлау бірте-бірте идеологиялық сипатқа ауысады. Оған Көк түріктердің мемлекет болып қалыптасу кезінде, әр түрлі тайпалардың түрлі тотемдік аттармен келіп бірігуін мысал етуге болады. Лев Гумилевтің этностардың байланысын күннен, табиғаттың биологиялық байланысынан іздей отырып, бүкіл Евразия кеңістігін бір экономикалық зонаға біріктіру мақсатындағы жоспары да осыған саяды.
Әуелгі адамдардың түрлі мифологиялық ойлаулары логикалары мен философиялық пікірлерінің қалыптасуына, сол арқылы тілі мен ауыз әдебиетінің түрлі жанрларының пайда болуына ықпал етті. Алып бәйтеректің басы аспанды, ортасы ортаңғы әлемді, тамыры төменгі әлемді мекен етеді деген космологиялық нанымдары дүниенің үш бөлігі жайлы ұғымдарын ғана емес, алғашқы математика ғылымының негізінің қалануына ықпал етті. Олар өздерінің жаратылысы жайлы мифологиялық нанымдарын билерінде қимыл арқылы /пантомимо/ әндерінде бейнелегендіктен би өнері мен ғұрыптық фольклор пайда болды. Ал қазіргі мәдениеттің толып жатқан түрлері соның бастаулары.
Бақсылардың о дүниедегі ата-бабаларымызбен тілдесемін деп, ойын кезінде киіз үйдің шаңырағына өрмелейтіні цирктегі ойынды, қолдаушы "иелерін" көмекке шақырып, қайғылы адамдарды тыныштандырып, ауруларды емдейтіні - қазіргі халық медицинасы мен психология ғылымының негізін салды.
Олай болса, бүгінгі күні, көне нанымдарын жоғалтып алған халықтардың әдет-ғұрыптарына қарап, олардың нанымдарын ғана емес, кәсіби тұрмысын, мәдениет бастауларының да негізін анықтауға болады. Американдықтардың қазіргі би өнерінен фольклордың элементтерін, жазба әдебиетінен архетип іздейтіні осыдан шыққан. Сондықтан мәдени бай мұрасы бар халықтардың, Европа әдебиетінің зерттеу тәсіліне еліктеп, өздерінде барды саналы түрде жоғалтуы, ұрпақ алдында кешірілмес қателік болар еді. Өйткені, жоғарыда айтқанымыздай бұл елдердің көбінің тиымдары заңға енгізіліп, өзгеріске ұшырап, жаңаша сипат алған.
Сондай-ақ, көне наным-сенімдер әртүрлі этностың мәдениеті ландшафтық /жерінің табиғи/ ерекшеліктерінен қалыптасып қана қоймай, сөздік қорына да ықпал еткен. Себебі, әрбір этнос өздерінің дүние танымдарын салт-дәстүрі мен сөйлеу мәдениетінен де байқатады. Этногенезистік ұқсастығы жоқ халықтардың бір-бірін түсініп, жақындасып кетулері қиындық тудыратындығы осыдан шыққан. Өйткені халықтардың діни көзқарастары этникалық ерекшеліктеріне байланысты қалыптасады. Әр діннің мәдени дамуының өзіндік ерекшелігі бар. Олардың бала тәрбиесі, киім киісі мен тамақтануы да соған қатысты. Немістердің мұсылман дініндегі этностарға шошқаның етінен жасалған тамақтар бермейтіні сол. Бұдан олардың заңдары да сол мемлекетте тұратын этностардың ерекшелігіне қарай жасалғандығын байқауға болады. Ағылшындардың кез келген мәселені ұлттық дәстүрінің тәртібімен шешетіні де содан. Бұдан қазақтың көне наным-сенімдерін зерттеудің нәтижелі, пайдалы жақтары бар екендігін аңғарамыз және Парламентте заң қабылдағанда көнеден келе жатқан тиымдарымыздың жарамды тұстарын пайдаланудың да маңызы бар.
Бұл әлемдік ғаламдану кезінде ұсақ халық ретінде ұлттың тілінің жоғалып кету қаупінен, өмірді қабылдау қабілетіндегі өзгерістен де сақтайды. Себебі, тілі басқа тілде шыққан сәби, сол тілдің нәрін бойына жинап, соның ықпалында кетеді. Ұлттық мінез отбасынан басталып, тәрбиенің негізі содан қалыптаспақ. "Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі" - дейтін халық даналығы осыдан шыққан. Олай болса, наным-сенімдеріміздің зерттелуі, өткенімізді тану ғана емес, оның жарамды тұстарын ұрпақ тәрбиелеуде пайдалану.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
ТӘРБИЕ ДЕГЕН ТӘҢІР БАР
ۇلتتىق تاربيەنىڭ وتباسىنداعى ماڭىزى
تاربيە نەگIزI – وتباسىندا
Последние новости
WLTTIQ TÄRBIENİÑ OTBASINDAĞI MAÑIZI
ۇلتتىق تاربيەنىڭ وتباسىنداعى ماڭىزى
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ОТБАСЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫ