Автор: ADMIN
Қазақстанда педагогикалық ғылымды дамытуға жаңа қадам жасалды
Алматыда педагогикалық және ғылыми қауымдастық өкілдері бас қосқан республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Басты тақырып – елімізде педагогика ғылымын дамыту орталығын құру. Бұл орталық білім беру жүйесінің барлық деңгейінде ғылыми зерттеулер жүргізіп, мұғалімдердің кәсіби дамуын қолдауға бағытталмақ, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, соңғы жылдары педагогтердің біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. Өткен жылы ғылыми зерттеумен айналысатын мұғалімдер саны 1,6 есе өсті, ал магистр дәрежесі бар ұстаздар қатары 27,9 мыңға жетті. Сонымен қатар, «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы аясында болашақ білім көшбасшыларын даярлау жалғасуда.
— Ұстаздың кәсіби деңгейі – білім сапасының негізі. Жаңа ғылыми орталық педагогикалық зерттеулерді жүйелі жүргізуге, мұғалімдердің ғылыми әлеуетін арттыруға және болашақ педагог мамандарды сапалы дайындауға мүмкіндік береді, — деді Ғани Бейсембаев.
Конференция аясында мектепке дейінгі, орта, техникалық, кәсіптік және жоғары білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Өңірлердегі педагогтер мен ғалымдар үшін онлайн-трансляция ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Келісім негізінде елімізде педагогикалық ғылымды дамытуға арналған зерттеу алаңы құрылмақ.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Apple қайтадан әлемдегі ең қымбат компания атанды
TJM: Biıl suğa ketkenderdiñ köbi tıyım salınğan jerde köz jwmğan
Последние новости
Apple qaytadan älemdegi eñ qımbat kompaniya atandı
Apple قايتادان الەمدەگى ەڭ قىمبات كومپانييا اتاندى
Apple vnov' stala samoy dorogoy kompaniey v mire