Автор: ADMIN
Қызылорда облысында 18 ауыл ішімдік сатудан бас тартты: нәтижесі қандай?
Қызылорда облысындағы бірқатар ауылдар алкогольден түбегейлі бас тартып, қылмысты нөлге дейін азайтуға қол жеткізді. Солардың бірі – Өзгент ауылы, онда ішімдік сатылмайтынына 10 жылға жуық уақыт болды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Өзгент ауылында арақ-шараптың орнын табиғи сүт өнімдері басқан. Дүкен иелері тұрғындардың сұранысын ескеріп, кәсіптерін жаңа бағытта дамытқан. Кәсіпкер Зияда Ядыгарова ішімдік сатуды тоқтатқаннан кейін табыс азаймағанын, керісінше, дүкенінің кеңейгенін айтады.
“Ауыл ақсақалдарының ұсынысын қабылдап, арақ сатуды доғардым. Бірақ бұл кәсібіме кері әсерін тигізген жоқ, керісінше, табысым артты”, – дейді ол.
Ауыл тұрғындары негізінен егін және мал шаруашылығымен айналысады. Соңғы 10 жылда ауылда бірде-бір дүкен алкоголь сатпайды. Соның арқасында Өзгент аудандағы ең үздік ауылдардың қатарына енді.
Бүгінде 1800-ден астам тұрғыны бар ауылда барлық көшеге асфальт төселген, жаңа мәдениет үйі салынып, спорттық алаңдар көбейген.
“Соңғы 5 жылда ауылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Мал ұрлығы да, өзге құқықбұзушылықтар да мүлде жоқ”, – дейді учаскелік полиция инспекторы Сүйіндік Асылбаев.
Облыстық прокуратураның дерегі бойынша, Қызылорда облысындағы 49 ауылда соңғы екі жылда қылмыс болмаған. Ал 18 ауыл ішімдік сатудан толықтай бас тартқан.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Брюссельдегі танымал мүсінге қазақтың шапаны кигізілді
بريۋسسەلьدەگى تانىمال مۇسىنگە قازاقتىڭ شاپانى كيگىزىلدى
“Qayrat” besinşi ret Qazaqstan çempionı atandı
Последние новости
Almatıda şeteldik azamattar terrorlıq akt jasamaq bolğan
الماتىدا شەتەلدىك ازاماتتار تەررورلىق اكت جاساماق بولعان
Пять иностранцев планировали теракт в Алматы