Автор: ADMIN
Атырау облысында көше суға айналды: Тұрғындар қар суымен күресуде

Атырау облысында күннің күрт жылынуынан Индербор кентінің “Болашақ” ықшам ауданында қар суы жайылып, жергілікті тұрғындарды әбігерге салды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Көктемнің алғашқы күндерінде қар мол түсіп, артынша жылдам еріп кеткен. “Аяқ басар жер жоқ, көшелер кішігірім су айдынына айналды. Су үйлерге жақындап, қауіп төндірді. Тұрғындар өз баспаналарын қорғау үшін бірігіп жұмыс істеді. Аудан басшылары да техникаларымен бірге күн-түн демей осында болды”, – дейді жергілікті халық.
Төтенше жағдайды бақылауға алу үшін қар суын бұру және сору жұмыстарына үш арнайы техника, сегіз мотопомпа және 20 жұмысшы жұмылдырылды.
“Бұл аймақта қардың көп жиналуы жыл сайын қайталанатын жағдай. Биыл көктем ерте келді, сондықтан негізгі күш осы ықшам ауданға бағытталды. Қазіргі таңда су біртіндеп сарқылып, жағдай тұрақтанып келеді”, – деп мәлімдеді кент әкімі Шалқар Алмурзиев.
Айта кетейік, бұл ықшам ауданда 2023 жылдан бері жол салу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев үкімет отырысында су тасқыны қаупі жоғары өңірлердің жаңартылған тізімін жариялаған болатын.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Qazaqstanda twñğış ret modul'dik qwtqaru beketi iske qosıldı

قازاقستاندىق ۇش بوكسشى الەم كۋبوگىن التىنمەن اياقتادى

Ülken Almatı köli mañında jaraqat alğan şeteldikke qwtqaruşılar jedel kömek körsetti
Последние новости

Elorda küni – 39 säbidiñ dünie esigin aşqan baqıttı tañ

ەلوردا كۇنى – 39 سابيدىڭ دۇنيە ەسىگىن اشقان باقىتتى تاڭ

Qazaqstandıq üş boksşı Älem kubogın altınmen ayaqtadı