Автор: ADMIN
Жас жазушыларға мүмкіндік: Президенттік әдеби сыйлыққа өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда жас қаламгерлерге арналған Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа өтінім қабылдау басталды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Қай номинацияларға қатысуға болады?
Өтінімдер төрт номинация бойынша қабылданады:
• Проза
• Поэзия
• Драматургия
• Балалар әдебиеті
Әр үміткер тек бір номинацияға қатысуға құқылы. Байқауға 18-35 жас аралығындағы жас жазушылар бұрын ешқандай халықаралық және ұлттық конкурстарға қатыспаған туындыларын ұсына алады.
Өтінімдерді қайда және қалай жіберуге болады?
Құжаттар 2025 жылғы 15 наурыз бен 15 маусым аралығында қабылданады. Өтінімді қағаз немесе электронды түрде төмендегі мекенжайға жолдау қажет:
Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 14 кіреберіс, ҚР МАМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті, 273 кабинет.
Қосымша ақпаратты келесі нөмірлерден алуға болады:
+7 707 541 8006, 8 (7172) 74-04-07; 74-03-84; 74-04-08
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Dimaştıñ 75 äni Argentina radiosında şırqaluda
Последние новости

Qazaqstanda jurnalisterge arnalğan jaña pän engizildi

قازاقستاندا جۋرناليستەرگە ارنالعان جاڭا پان ەنگىزىلدى