Автор: ADMIN
“Түркістандағы алып дастархан: 2,5 тонна наурыз көже қалай дайындалды?”

Түркістанда Ұлыстың ұлы күніне орай және туризм маусымының ашылуын мерекелеу мақсатында 2,5 тонна наурыз көже дайындалды. Мұндай ауқымды шара қаланың мерекелік атмосферасын қыздырып, жүздеген тұрғын мен қонақты дәстүрлі тағамнан дәм татуға шақырды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
12 қазан, 24 сағат және 2,5 тонна көже
Ұлттық тағамды әзірлеу оңай шаруа емес. Аспаздардың айтуынша, осыншама көлемдегі көжені дайындауға бір тәулік уақыт кеткен. Сыйымдылығы 250-300 литр болатын 12 қазанға бөлініп пісірілген. Дәмі тіл үйіретін наурыз көже үшін 250 келі ет пен 1 тонна дәнді дақыл пайдаланылды.
Дәстүрлі түрде наурыз көже жеті түрлі дәмнен жасалатыны белгілі. Алайда бұл жолы аспаздар ерекше қадамға барып, тағамға сегізінші қоспа — құрт малтасын қосқан. Бұл наурыз көженің дәмін ерекше етіп, оған ұлттық нақыш пен ерекше хош иіс сыйлады.
Іс-шараны ұйымдастырушылардың бірі Айгерім Наматова 2,5 тонна көже дайындаудың оңайға соқпағанын айтады.
“Ұйықтамаған кездер болды, еңбегіміз көп жұмсалды. Бірақ бұл жұмыс біз үшін тек ауыр міндет емес, керісінше мерекеге үлес қосу бақыты болды. Әр қазанды сүйіспеншілікпен дайындадық”, – дейді ол.
Наурыз көжеден дәм татқан қала тұрғындары мен қонақтар оның ерекше дәмін атап өтті.
“Дәмі өте керемет. Ішіне қазы мен ет қосып, нағыз қазақы ас әзірлеген. Осындай дәстүрлеріміз ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса берсін!” – дейді Сайрам ауданының тұрғыны Бекзат Саметов.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Almatı 5 aymaqqa bölinedi: Qala qayda jäne qalay damidı?

الماتى 5 ايماققا بولىنەدى: قالا قايدا جانە قالاي داميدى?

Алматы разделят на 5 зон: Где появятся новые полицентры и что в них будет
Последние новости

Almatı 5 aymaqqa bölinedi: Qala qayda jäne qalay damidı?

الماتى 5 ايماققا بولىنەدى: قالا قايدا جانە قالاي داميدى?

Алматы разделят на 5 зон: Где появятся новые полицентры и что в них будет