Автор: ADMIN
Ынтымақ, бірлік туралы нақыл сөздер
Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпас болар.(Мұхтар Әуезов)
Көршілестерім - рухани еншілестерім.(Мұзафар Әлімбаев)
Табаны - бар да, бүрі - жоқ, Зіркілі - бар да, зілі - жоқ.(Мұзафар Әлімбаев)
Ырыс алды - ынтымақ.(Мақал - мәтел)
Күннің көзі - ортақ, жақсының сөзі - артық.(Мақал - мәтел)
Көппен көрген - ұлы той.(Мақал - мәтел)
Өсер елдің баласы бірін-бірі батыр дер.(Мақал - мәтел)
Алтау ала болса - ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса - төбедегі келеді.(Мақал - мәтел)
Жаны ашымастың қасында басың ауырмасын.(Мақал - мәтел)
Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас.(Мақал - мәтел)
Ат сатсаң- ауылыңмен.(Мақал - мәтел)
Жауға барсаң - бәрің бар, дауға барсаң - бірің бар.(Мақал - мәтел)
Кемедегінің жаны бір.(Мақал - мәтел)
Туысы бірдің - уысы бір.(Мақал - мәтел)
Ізеттінің інісі көп.(Мақал - мәтел)
ЬІнтымақ қайда болса - ырыс сонда барамын депті.(Мақал - мәтел)
Ай - ортақ, күн - ортақ, жақсының аты - ортақ. (Мақал - мәтел)
Ауыл болсаң - қауым бол: бірің - оған, бірің - бұған бол.(Мақал - мәтел)
Бір кісі таққа отырса - қырық кісі атқа қонар.(Мақал - мәтел)
Дегенде дүние шіркін өтер-кетер,
Түбіне сұм дүниенің кімдер жетер.
Қадір тұт, бір-біріңе құрмет көрсет,
Тірлікте сыйластыққа барма жетер.(Қара өлең)
Жағаңа дұшпан қолы тимеске - артыңда туысқанның көбі игі.(Шалгиіз Тіленшеұлы)
Жалғанда ойлап тұрсаң бірлік керек,
Бірлікті ойлау үшін тірлік керек.(Төле би Әлібекұлы)
Бейбіт елде - сән бөлек, бүлінген елде - дау бөлек.(Төле би Әлібекұлы)
Тауларды аласартпай-даланы биіктетейік.(Олжас Сүлейменов)
Бірлік жоқ ала ауыз біз халықпыз ғой,
Қатардан сол себепті қалыппыз ғой.(Міржақып Дулатов)
Алтау ала болса - ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса - төбедегі келеді.(Майқы би)
Бірлік түбі - береке.(Майқы би)
Би екеу болса - дау төртеу болады.(Майқы би)
Алақанмен күннің көзін жаба алмайсың.(Құтып)
Ел болып бірігуден асқан бақыт жоқ.(Білге қаған)
Тату елге - тыныштық пен тоқшылық нәсіп.(Күлтегін)
Бегі мен халқының ынтымағы жоқ жерде,
Халқын жұтатпаған қаған бақытты.(Күлтегін)
Адал болса - дос жақын.(Қазыбек Келдібекұлы)
Бірлігі кеткен ел жаман, егесіп өткен ер жаман.(Қазыбек Келдібекұлы)
Төрімізден құт-береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
Туырлыққа - ту іліп, Қыннан қылыш суырып,
Көк найзаның ұшына күдері үкі таққан елміз!(Қазыбек Келдібекұлы)
Дереккөз: Интернет желісінен алынған!
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Balalar jalğızdıqtan qwtqarmaydı
Последние новости
Balalar jalğızdıqtan qwtqarmaydı
بالالار جالعىزدىقتان قۇتقارمايدى