Қоғам

Автор: ADMIN

Қоғам 2026-04-21 16:00:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Мүгедектігі бар жандарды баспанамен қамтамасыз ету талаптары күшейтілді

news single

   Үкімет отырысында инклюзивті саясатты іске асыру мәселелері қаралды,- деп хабарлайды  "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

   Жиын барысында Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов баспанамен қамтамасыз ету тетіктерін түсіндірді. 

 

   Оның айтуынша, министрлік мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сапасын арттыру мақсатында барлық нысандар мен қызметтердің қолжетімді болуын қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

 

     Адам өмір сүретін орта, яғни оның қозғалысы мен тұрмысына қатысты барлық жағдай қолайлы әрі кедергісіз болуы тиіс. Жаңа Құрылыс кодексінде бұл талаптар күшейтілді. Енді қолжетімді орта қаланы жоспарлау, жобалау, құрылыс және нысанды пайдалануға беру кезеңдерінің барлығында ескеріледі.

 

   Осылайша, талаптар жобалау сатысынан бастап енгізіліп, құрылыс кезінде міндетті түрде сақталады. Сонымен қатар, нысанды пайдалануға беру барысында әлеуметтік қорғау органдары оның мүмкіндігі шектеулі адамдарға қаншалықты ыңғайлы екенін тексереді, – деді вице-министр.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться