Қоғам

Автор: ADMIN

Қоғам 2026-04-25 10:35:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Әлемдік БАҚ: Қазақстан мұнай транзитін өзгертті, Kaspi мен Қытай капиталы, франкофония және Арал мәселесі

news single

    Бұл аптада халықаралық БАҚ Қазақстанға қатысты бірқатар маңызды тақырыптарды талқылады,-деп хабарлайды  "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

     Олардың қатарында Қытай капиталының финтех саласына келуі, Ресейдің қазақ мұнайының транзитіне қатысты жаңа ұстанымы, француз мәдениетінің Орталық Азиядағы ықпалы, теміржол инфрақұрылымының болашағы және сирек металдар өндірісі бар. 

 

     Қазақстан мұнайын Германияға экспорттау бағыты өзгерді Ресей премьер-министрінің орынбасары Александр Новак 1 мамырдан бастап Қазақстан мұнайы Германияға «Дружба» мұнай құбыры арқылы емес, балама бағытпен жеткізілетінін мәлімдеді.

 

    Халықаралық агенттіктердің мәліметінше, Мәскеудің бұл шешімі Ормуз бұғазындағы геосаяси ахуалмен байланысты тәуекелдерді күшейтіп, Еуропа нарығына қосымша қысым түсіруі мүмкін.

 

    Сарапшылардың пікірінше, Германияның ресейлік мұнайдан бас тартуы жаңа логистикалық бағыттарды іздеуге мәжбүрлеп отыр.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться