Қоғам

Автор: ADMIN

Қоғам 2026-06-03 23:09:00

Біз әлеуметтік желілерде:

ТӘУЕЛСІЗДІК НЫШАНДАРЫ. ҚАЗАҚСТАН РӘМІЗДЕРІНІҢ БЕЙМӘЛІМ ТАРИХЫ

news single

    Мемлекеттік рәміздер - кез келген елдің егемендігі мен мәдени кодының көрінісі. Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы мен Әнұраны 1992 жылы қабылданып, содан бері ұлттық мақтанышымызға айналды. Алайда, осы қасиетті белгілердің артында көпшілік біле бермейтін қызықты тағдырлар, тартысты пікірталастар мен тарихи детальдар жатыр. Тарихи күндер. Рәміздер қашан қабылданды?

 

   Қазақстан тарихында 4 маусым  -  Мемлекеттік рәміздер күні ретінде атап өтіледі. Дәл осы күні 1992 жылы Жоғарғы Кеңес сессиясында жаңа Ту мен Елтаңба ресми түрде бекітілді. Ал алғашқы ресми Туды Алматыдағы «Қазақстан» тігін фабрикасы бір түннің ішінде, өте құпия жағдайда тігіп шыққан. Әнұранның туған күні мен тарихы басқаша. Алғашқы Әнұран (әуені ескі кеңестік гимн негізінде, сөзі жаңаланған нұсқасы) 1992 жылы қабылданғанымен, қазіргі «Менің Қазақстаным» әні 2006 жылдың 6 қаңтарында Парламентте бекітіліп, алғаш рет 11 қаңтарда Президенттің ұлықтау (инаугурация) рәсімінде ресми түрде шырқалды. Мемлекеттік Ту.

 

   1200 жоба, «Көк аспан» түсі және 10 см құпиясы 1992 жылы жаңа Тудың жобасына жарияланған конкурс өте ауқымды болды. Оған 1200-ден астам үміткер қатысып, өз нұсқаларын ұсынды. Олардың ішінде Түркия, Германия, Моңғолия және ТМД елдерінен келген суретшілер де болған. Осы үлкен бәсекеде суретші Шәкен Ниязбековтің туындысы үздік шықты. Алтын мен қызыл түстің тартысы. Бастапқы нұсқада тудың бетіндегі күн, қыран және ұлттық ою-өрнек қызыл түспен бейнеленген болатын. Кейіннен бұл элементтер алтын түске ауыстырылды. 10 сантиметрлік құпия. Автор матаның шетіндегі қошқармүйіз оюын алғашқыда шеттен тура 10 сантиметр ішке қарай орналастырған. Оның себебін: «Жел қаққанда тудың шеті тозады, егер ою шетінде тұрса, ұлттық нақыш жыртылып кетеді, сондықтан оны әдейі ішкерірек салдым», – деп түсіндірген. Түпкілікті нұсқада ою шетіне көшірілгенімен, автордың бұл көрегендігі комиссияны таңғалдырды. Түстің халықаралық стандарты. Біз тудың түсін жай ғана «көк» деп атаймыз, бірақ халықаралық стандартта (Pantone жүйесінде) ол Pantone 3125 C деп нақты бекітілген. Бұл  -  ежелгі Көк түріктердің қағанатынан келе жатқан, адалдық пен шексіздіктің символы.    

 

   Мемлекеттік Елтаңба: 245 жоба, жұлдыз үшін тартыс және QAZAQSTAN

 

   Елтаңба конкурсына 245 жоба мен 67 мәтіндік сипаттама бәсекеге түсті. Авторлар Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов бұл жобаны бір-бірінен тәуелсіз дайындаған. Бірақ екі сәулетшінің де идеясы үндес шығып, басты символ ретінде Шаңырақты таңдады. Бес бұрышты жұлдыз дауы. Парламентте депутаттардың көбі елтаңбаның төбесіндегі бес бұрышты жұлдызды «коммунистік жүйенің қалдығы» деп алып тастауды талап етті. Алайда авторлар жұлдыздың адамзат баласы үшін ежелден биік мұрат пен бағыт сілтейтін Темірқазық белгісі екенін дәлелдеп, алып қалды. Тек оның түсі алтынға ауыстырылды. Тұлпарлардың мүйізі. Кейбір депутаттар «бұл ешкінің мүйізіне ұқсайды» деп қарсылық білдіргенде, авторлар бұл Сақ дәуірінен келе жатқан, күш пен берекені білдіретін «бостандық тұлпары» екенін ғылыми түрде қорғап шықты. Латын графикасы. 2018 жылы Елтаңбадағы ел атауы латын графикасымен «QAZAQSTAN» деп өзгертілді. Мемлекеттік Әнұран. Наразылық әнінен бас гимнге дейін Қазіргі Әнұран  -  «Менің Қазақстаным» әні 1956 жылы Кеңес өкіметінің тың игеру саясатына наразылық ретінде туған еді. Ол кезде композитор Шәмші Қалдаяқов 26-да, ал ақын Жұмекен Нәжімеденов небәрі 21 жаста болатын. 1992 жылдан 2006 жылға дейін қолданыста болған ескі Әнұранның әуені күрделі болғандықтан, халық арасында жаттауға қиындық тудырды. Осыған байланысты 2006 жылы жаңа Әнұран бекітілгенде, оның түпнұсқа мәтініне маңызды түзетулер енгізілді: Мәтінді өңдеуге Тұңғыш Президент тікелей қатысқандықтан, ол ресми тең автор болып танылды.  Авторлардың сыйақысы. Құнсызданған миллиондар 1992 жыл  -  елде гиперинфляция жүріп, кеңестік рубльдің құны сағат санап түскен қиын кезең еді. Осының салдарынан рәміздерді жасаған авторлардың алған ақшалай сыйақылары бірнеше күнде құнсызданып кетті.

 

  Шәкен Ниязбековке берілген сыйақы ақшасына сол кезде бір тұрмыстық тоңазытқыш та келмеген. Ал Жандарбек Мәлібеков өзіне берілген миллиондаған рубльге Ташкенттегі дүкеннен тек бір жиһаз гарнитурін ғана сатып ала алғанын айтады. Дегенмен, мемлекет сәулетші Мәлібековке Алматының қақ ортасынан 3 бөлмелі пәтер беріп, үлкен қолдау көрсетті.

 

    Ал Әнұран авторлары Шәмші Қалдаяқов (1992 ж.қ.) пен Жұмекен Нәжімеденов (1983 ж.қ.) бұл сәтті көре алмады. Сондықтан 2006 жылы барлық заңды гонорарлар мен мемлекеттік марапаттар олардың отбасыларына, мұрагерлеріне табысталды. Мемлекеттік рәміздер — бұл жай ғана атрибуттар емес, бұл өткен тарих пен болашаққа деген сенімнің символы.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться