Қоғам

Автор: ADMIN

Қоғам 2026-06-10 14:27:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Энергетика министрі бензин бағасына қатысты пікір білдірді

news single

    Қазақстанда бензин мен дизель отынының қоры жеткілікті. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді,-деп хабарлайды  "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап.

 

   Министрдің айтуынша, қазіргі таңда бензин қоры 36 күнге, ал дизель отынының қоры 34 күнге жетеді. Оның сөзінше, бұл ішкі нарықтағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

  — Қазір жанар-жағармай қоры жеткілікті. Осы көлемді ескере отырып, отын нарығының тұрақтылығын сақтауға қауқарлымыз, — деді Ерлан Ақкенженов Парламент Мәжілісінің жалпы отырысынан кейін.

 

   Сондай-ақ ведомство басшысы жанармай бағасының күрт қымбаттауы туралы ақпаратқа түсінік берді.

 

   — Отын бағасы бірден 50-100 теңгеге өседі деген пікір шындыққа жанаспайды.

 

    Жағдай бақылауда. Қажет болған жағдайда министрлік тиісті шаралар қабылдайды, — деді министр.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться