Қоғам

Автор: ADMIN

Қоғам 2026-06-12 02:02:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Экономиканың қозғаушы күші: 500 ірі компания ел болашағын қалай өзгертеді?

news single

   Алматы. Республика сарайында өткен New Vision Forum 2026 бизнес-форумы отандық кәсіпкерлер мен халықаралық сарапшылардың басын қосып, ел экономикасының даму стратегиясын талқылайтын маңызды диалог алаңына айналды.

 

  Форумның негізін қалаушы Мақсат Құрбенов бүгінгі алмағайып заманда кәсіпкерлер үшін тың мүмкіндіктер мен сенімді серіктестер табудың өзектілігіне тоқталып: «Ең үлкен мүмкіндіктер мықты адамдар, мықты идеялар мен ортақ құндылықтар тоғысқан жерде пайда болады», — деп атап өтті. Бұл орайда Kusto Group тең құрылтайшысы Қанат Көпбаев форумның басты мақсаты жай ғана бизнес емес, ұрпақ сабақтастығы екенін баса айтты: «Мен алты баланың әкесімін. Мұндай форумдар бізге ғана емес, бүкіл қоғамға пайда әкеледі. Балаларымның Қазақстанда өмір сүргенін қалаймын, өйткені мен өз елімнің патриотымын». Қатысушылар Қазақстан экономикасының өсуі ірі корпорациялардың дамуымен тікелей байланысты екенін алға тартты.

 

 

  Атап айтқанда, Centras Group басшысы Елдар Әбдіразақовтың айтуынша, еліміздегі 500 ірі компания экономиканың елеулі бөлігін қалыптастырып отырғандықтан, болашақтағы өсім жаңа стандарттар мен брендтер құра алатын қуатты корпоративтік жүйелер арқылы жүзеге аспақ.

Бұл ретте BI Group басшысы Айдын Рахимбаев табысқа жетудің сыры — қажырлы еңбек пен мотивацияда деп есептейді: «Мектептен кейін университетке түсе алмадым да, ағаш өңдеу цехына жұмысқа бардым. Бір күні сол жерге қайта оралып қалу қорқынышынан асқан мотивация жоқ». Форум барысында қаржы секторы мен сервис сапасына да ерекше назар аударылды.

 

 

   Bereke Bank өкілі Григорий Сосновский банктердің болашақтағы бәсекесі жасанды интеллект көмегімен клиенттің қаржылық әл-ауқатын арттыруға бағытталатынын болжаса, Service Quality Institute президенті Джон Шоул сервистің сапасы енді қосымша артықшылық емес, бәсекелестіктегі негізгі стратегиялық құралға айналғанын түйіндеді.

 

  Фотоларды New Vision Forum 2026 баспасөз қызметі ұсынды

 

  Інжу Сагидолла 

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться