Қоғам

Автор: ADMIN

Қоғам 2026-06-13 20:42:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Қазақстан мен Өзбекстан архив ісіндегі әріптестікті дамыту мәселелерін қарастырды

news single

   Астанада Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері мен Өзбекстан Республикасының «Өзархив» агенттігінің делегациясы кездесті,-деп хабарлайды  "Shalqar.kz" "ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

   Жиын барысында архив ісін дамыту, жазба мұраны сақтау және зерттеу бағытындағы маңызды мәселелер қарастырылды.

 

   Іс-шара аясында Қазақстан тарихына арналған көрме ұйымдастырылып, шетел архивтерінен табылған және ғылыми айналымға енгізілген құжаттар көпшілік назарына ұсынылды.

 

   Сондай-ақ делегация мүшелері Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві мен Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығын аралады.

 

   Көпшілікке құжаттарды қалпына келтіру және консервациялау зертханалары, цифрландыру кабинеттері мен архив мекемелерінің заманауи техникалық мүмкіндігі таныстырылды.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться