Қоғам

Автор: ADMIN

Қоғам 2026-06-14 02:00:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Жеке AI-агенттер заманы және Қазақстанның егемендігі: Дон Тапскотт не деді?

news single

    Белгілі халықаралық сарапшы және футурист Дон Тапскотт New Vision Forum 2026 алаңында адамзат пен Қазақстанды алда не күтіп тұрғаны туралы терең пайымдауларымен бөлісті.

 

    Оның айтуынша, қазіргі әлем бір мезетте екі үлкен трансформацияны бастан өткеріп жатыр: геосаяси тәртіптің өзгеруі және жасанды интеллекттің қарқынды дамуы.  

 

   Болашақ қандай болмақ?

 

   · Әр адамға жеке AI-агент: Жақын болашақта әркімнің өз дәрігері, заңгері, кеңесшісі немесе көмекшісі қызметін атқара алатын жеке жасанды интеллект көмекшілері болады.

 

   ·Егемен жасанды интеллект: Теңдессіз технологиялық алпауыттарға (Big Tech) кіріптар болмау үшін  Қазақстанға өзінің төл, егемен жасанды интеллект жүйесін дамыту өмірлік маңызды.

 

   «Қазақстанның стратегиялық орналасуы, демографиялық әлеуеті мен кәсіпкерлік рухын ескерсек, елдің болашағы жарқын көрінеді», – деп атап өтті Дон Тапскотт.

 

    Жаһандық технологиялық тәуелсіздік пен даму жолында еліміздің әлеуеті зор. Бұл мүмкіндікті қалай пайдаланамыз  -  мәселе осында.

 

    Сіз қалай ойлайсыз, бізге өз жасанды интеллект жүйемізді жасау қаншалықты маңызды?

 

    Өз пікіріңізді жаза кетіңіз!

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться