Қоғам

Автор: ADMIN

Қоғам 2026-06-24 18:27:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Қазақстанда комбайн мен трактор өндірісін ұлғайту жоспарланып отыр

news single

   Ауыл шаруашылығы вице-министрі Таласбек Қанафин мен «Ростсельмаш» компаниясының бас директоры Александр Виноградов өндірісті жергіліктендіру деңгейін одан әрі арттыру мәселесін талқылады,-деп хабарлайды  "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

  Кездесу барысында Таласбек Қанафин отандық ауыл шаруашылығы машина жасау саласын дамытудың маңыздылығына тоқталып, бірлескен жобалардың агроөнеркәсіптік кешенді нығайтудағы рөлін атап өтті. 

 

  «Машина-трактор паркін уақытылы жаңарту – министрліктің негізгі басымдықтарының бірі. “Ростсельмашпен” бірлескен өндіріс жобалары өз тиімділігін дәлелдеп келеді. Ынтымақтастық басталғалы бері Көкшетауда жүздеген жұмыс орны ашылып, отандық аграршылар бәсекеге қабілетті бағамен сенімді комбайндар мен тракторларға қол жеткізді.

 

   Осыған байланысты біз өндірісті жергіліктендіруді тереңдету, заманауи цифрлық жүйелерді енгізу және сервистік қызмет көрсету сапасын арттыру жоспарларын қолдаймыз», – деді вице-министр.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться