Қоғам

Автор: ADMIN

Қоғам 2026-07-07 19:21:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Абай облысында фермер мал жаюды автоматтандырды

news single

    Абай облысындағы «Даурен» шаруа қожалығы мал жаю және сумен қамтамасыз ету жүйесін автоматтандыруға бағытталған заманауи технологияларды енгізді, деп хабарлайды  "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап.

 

    Шаруа қожалығы 1994 жылы фермер Нұртуған Манаптың бастамасымен құрылған. Бүгінде ол қазақтың ақбас тұқымды ірі қара малын өсіруге маманданған өңірдегі жетекші асыл тұқымды шаруашылықтардың біріне айналды.

 

   Жаңа технологиялардың арқасында мал бақташыларсыз жайылады.

 

   Ал малды үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ету үшін автоматтандырылған су жүйесі орнатылған.

 

   Күн энергиясымен жұмыс істейтін тереңдік сорғылары күн шыққан кезде автоматты түрде іске қосылып, күні бойы малды таза сумен қамтамасыз етеді.

 

   Бұл жүйе еңбек өнімділігін арттырып қана қоймай, экологиялық тұрғыдан тиімді шешім ретінде бағалануда.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться