Автор: ADMIN
Еуропа қазақстандықтар үшін визалық режимді жеңілдете ме?

Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілуде. Жақында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа Одағының Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі, Еуропалық комиссияның вице-президенті Кая Калласпен кездесті, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған бірқатар маңызды мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, сауда-экономикалық байланыстар, энергетика, цифрландыру және Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамытуға қатысты ірі инфрақұрылымдық жобаларға баса назар аударылды.
Кая Каллас Қазақстанның Еуропа Одағымен серіктестік және ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойған аймақтағы алғашқы елдердің бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, Еуропалық комиссия Қазақстан азаматтары үшін визалық тәртіпті жеңілдету бойынша келіссөздер процесін бастады.
Президент Тоқаев бұл жаңалықты қазақстандықтар жылы қабылдағанын, ал визалық талаптардың жеңілдетілуі азаматтардың жеке және іскерлік қарым-қатынастарын дамытуына зор мүмкіндік беретінін айтты.
Кездесу барысында екі тарап халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі маңызды мәселелер бойынша пікір алмасты. Мемлекет басшысы Қазақстанның жаһандық тұрақсыздық жағдайында кез келген халықаралық қақтығыстарды дипломатиялық жолмен шешуді қолдайтынын жеткізді.
Сонымен қатар, “Орталық Азия – Еуропа Одағы” форматындағы ынтымақтастықтың жай-күйі де талқыланды. Бұл бастама өңірлік интеграцияны күшейтіп, экономикалық байланыстарды тереңдетуге мүмкіндік береді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Алматы разделят на 5 зон: Где появятся новые полицентры и что в них будет

Астанада “Орталық Азия – Италия” саммиті басталды

استانادا “ورتالىق ازييا – يتالييا” سامميتى باستالدى
Последние новости

Almatı 5 aymaqqa bölinedi: Qala qayda jäne qalay damidı?

الماتى 5 ايماققا بولىنەدى: قالا قايدا جانە قالاي داميدى?

Алматы разделят на 5 зон: Где появятся новые полицентры и что в них будет