Қоғам

Автор: ADMIN

Қоғам 2026-07-29 17:11:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Президент: Қазақстан цифрлық болашаққа нық қадам басты

news single

   Президент Қазақстанда 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланғанын айтып, бұл елдің стратегиялық дамуындағы маңызды бағыт екенін атап өтті,-деп хабарлайды  "Shalqar.kz" "Qazaqparat"  телеграм каналына сілтеме жасап.  

 

  Мемлекет басшысының сөзінше, цифрлық трансформацияны табысты жүзеге асыру үшін жаңа заманға қажетті мамандарды даярлау жүйелі түрде жүргізіліп келеді. 

 

  Бүгінде AI-Sana мемлекеттік бағдарламасы аясында жүздеген мың қазақстандық жасанды интеллект саласындағы қажетті білім мен дағдыларды меңгерген. 

 

  Биыл күзде Астанада Жасанды интеллект университеті өз жұмысын бастайды. Сонымен қатар елімізде нейрожелі технологиясының көмегімен түсірілген фильмдердің халықаралық фестивалі ұйымдастырылады. 

 

  Президенттің айтуынша, келесі жылы елордада Халықаралық киберспорт федерациясының қолдауымен әлемдік деңгейдегі киберспорт жарысы өтеді.

 

  Мемлекет басшысы бұл бастамалардың барлығы Қазақстанның цифрлық даму мен жасанды интеллект саласындағы әлеуетін арттыруға бағытталғанын жеткізді.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться