Қоғам

Автор: ADMIN

Қоғам 2026-08-11 20:21:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Алматыда LRT желісі 2027 жылдың соңында іске қосылады

news single

   Алматыда жеңіл рельсті көліктің (LRT) алғашқы желісін салуға дайындық жұмыстары жүріп жатыр,-деп  хабарлайды  "Shalqar.kz" "Qazaqparat"  телеграм  каналына сілтеме жасап. 

 

   Қалалық Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, жобаны 2027 жылдың соңында іске қосу жоспарланған.

 

   Қазіргі уақытта негізгі дайындық жұмыстары Бауыржан Момышұлы және Төле би көшелерінде жүргізілуде. Мамандар ескі трамвай рельстері мен асфальт жабынын демонтаждап, жаңа көлік жүйесіне арналған негізді дайындауға кіріскен.

 

   Алматыдағы алғашқы LRT желісінің ұзындығы шамамен 18 шақырым болады. Ол Алатау ауданындағы индустриялық аймақтан басталып, Бауыржан Момышұлы, Төле би көшелері мен Абылай хан даңғылы арқылы «Алматы-2» теміржол вокзалына дейін жетеді.

 

   Жоба аясында 34 аялдама қарастырылған. LRT желісі негізінен жер үстімен өтеді.

 

  Пойыздардың әуе электр желісінсіз, станцияларда қуатталатын аккумуляторлар арқылы қозғалу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться