Автор: ADMIN
Ораза айт құтты болсын! Президент қазақстандықтарды мерекемен құттықтады
 
            Бүгін бүкіл мұсылман қауымы үшін ерекше күн – қасиетті Ораза айт мерекесі. Бұл – рухани жаңғыру, бірлік пен мейірімділік мейрамы. Осы атаулы күнге орай Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқын құттықтап, ізгі тілегін жолдады, деп хабарлайды Shalqar.kz.
“Қадірлі отандастар!
Ораза айт мейрамы құтты болсын!
Татулық пен бауырмалдық, жақсылық пен игілік салтанат құратын осы қастерлі мерекенің барша мұсылман қауымы үшін мән-маңызы айрықша.
Рамазан айында имандылыққа, рухани тазаруға ұмтылған жұртымыз Айт күні ақ дастархан жайып, қонақжайлық көрсетеді. Бір-біріне ізгі тілегін арнайды. Мұқтаж жандарға көмек қолын созып, қамқорлық танытады. Сол арқылы адамгершілік құндылықтар қоғамымызда терең орныға түседі.
Ораза айт мерекесінің тағылымы ата салтымызбен терең сабақтасып жатыр. Біздің дініміз де, дәстүріміз де азаматтарды бірлік пен ынтымаққа үндейді, өзара сыйлас болуға шақырады. Осы қасиеттеріміз барда халқымыздың Әділетті, Қауіпсіз, Таза әрі Қуатты Қазақстанды құру туралы арман-мұраты орындалатынына кәміл сенімдімін.
Баршаңызға бақ-береке тілеймін! Әр шаңыраққа құт-береке дарысын!
Айт қабыл болсын, ағайын!”– деді мемлекет басшысы.
Ораза айт – адамдардың бір-біріне мейірім танытып, жақындарын қуантуға, ізгі амалдар жасауға ұмтылатын сәті. Бұл күні дастархандар жайылып, игі дәстүрлер жанданады. Мерекенің шапағаты әр шаңыраққа шуақ сыйлап, елімізге ынтымақ пен береке әкелсін!
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
 
                        Басты жаңалықтар
 
    Platnıe dorogi prinesli v byudjet 62 milliarda tenge
 
    اقىلى جولدار قازىناعا 62 ميلليارد تەڭگە كىرىس اكەلدى
 
    Aqılı joldar qazınağa 62 milliard teñge kiris äkeldi
Последние новости
 
    Platnıe dorogi prinesli v byudjet 62 milliarda tenge
 
    پلاتنىە دوروگي پرينەسلي ۆ بيۋدجەت 62 ميللياردا تەنگە
 
    Aqılı joldar qazınağa 62 milliard teñge kiris äkeldi
 
             
        