Қоғам

Автор: ADMIN

Қоғам 2026-08-25 19:08:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Қазақстан КҚК арқылы мұнай тасымалдау іркіліс болса, Баку–Супса бағытын пайдалануды қарастырып жатыр

news single

    Қазақстан Каспий құбыр консорциумы (КҚК) арқылы мұнай тасымалдауда іркіліс болған жағдайда балама бағыт ретінде Баку–Супса бағытын пайдалануды қарастырып жатыр,-деп хабарлайды  "Shalqar.kz" "Adyrna.kz" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

   Бұл туралы 25 тамызда энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді. Министрдің айтуынша, әзірге бұл мәселе бойынша Әзербайжан тарапымен тікелей келіссөздер жүргізілген жоқ.

 

    Алдымен Қазақстан балама бағытты пайдаланудың техникалық және экономикалық мүмкіндіктерін өз ішінде пысықтауы қажет. «КҚК-ға жасалған шабуыл салдарынан 3,5 млн тонна мұнайды экспорттай алмадық. Бұл көлемді Ақтау порты арқылы Баку–Супса құбырымен жөнелтуге болар еді», – деді Ерлан Ақкенженов.

 

   Баку–Супса мұнай құбырының өткізу қуаты жылына шамамен 5 млн тоннаны құрайды.

 

   Еске салайық, КҚК инфрақұрылымына жасалған шабуылдардан кейін Қазақстандағы мұнай өндіру көлемі 98 млн тоннадан 96 млн тоннаға дейін төмендеген.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться