Қоғам

Автор: ADMIN

Қоғам 2026-08-28 22:32:00

Біз әлеуметтік желілерде:

БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

news single

 

Ведомствоаралық мониторинг тобы: қала мектептері мен балалар ұйымдарында балалар қауіпсіздігі басты назарда

 

 

   Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық мониторинг тобы Қоғамдық кеңес мүшелерімен, қоғамдық ұйымдар өкілдерімен бірлесіп мониторинг жүргізуде. Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына жан-жақты дайындығын қамтамасыз етіп, әрбір баланың қауіпсіздігіне кепілдік беру мақсатында ауқымды мониторинг жұмыстары ұйымдастырылды.

 

   Бұл жалпықалалық шараның басты принципі – тек қажетті құжаттама мен жабдықтардың бар-жоғын формалды түрде тексеру емес, нысандардың балалар үшін нақты жұмыс қабілетін, қолжетімділігі мен қауіпсіздігін жан-жақты бағалау. Қаланың әрбір ауданында арнайы 8 мониторинг тобы құрылып, өз жұмысын жүзеге асыруда..

 

 

Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Айтпаева Жанат Жеңісбекқызының атап өтуінше, жұмыс барысында кешенді қауіпсіздік шараларына аса мән берілуде: «Біз үшін жаңа оқу жылы қарсаңында әрбір баланың өмірі мен денсаулығына қатер төндірмейтін қауіпсіз орта құру – басты міндет. 

 

   Мониторинг барысында біз барлық қауіпсіздік жүйелерінің нақты іс жүзінде қалай жұмыс істейтінін зерделеудеміз. Атап айтқанда, бейнебақылау камераларының архив сақтау мерзімі (кемінде 30 тәулік), дабыл түймелерінің жедел әрекет етуі, өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуы, сондай-ақ спорттық және ойын алаңдарындағы конструкциялардың (футбол қақпалары мен турниктердің) беріктігі мен қатаң бекітілуі бақылауға алынды».

 

 

   Мониторинг жұмыстары кезінде антитеррористік қорғаныс пен бақылау (бейнебақылаудың соқыр аймақтарсыз жұмыс істеуі, күзет қызметінің әрекет ету алгоритмі), мектеп аумағы мен инфрақұрылым (электр қауіпсіздігі, люктердің жабық болуы, балалардың қауіпсіз маршруттары), ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған жағдайлар (пандустар, тұтқалар, қолжетімді эвакуация жолдары), сондай-ақ балалардың жасырын түрде көмек алуы үшін «QR-111» ақпараттық тақтайшаларының бекітілген дизайн-макеттеріне сай орналастырылуы жан-жақты зерделенді.

 

  Мониторинг қорытындысы бойынша анықталған барлық кемшіліктер тіркеліп, жауапты тұлғаларға оларды жедел жою бойынша нақты ұсынымдар берілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар ерекше бақылауда болып, жүйелі түрде жалғасады.

 

  Алматы қаласы

  Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы

 

 Байланысу үшін телефон: 87073240176

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

img
Общество 2026-08-28

ПРЕСС РЕЛИЗ

img
Салт-дәстүр 2026-08-28

Шаңбасты

Последние новости

img
Салт-дәстүр 2026-08-28

Хан сайлау

img
Салт-дәстүр 2026-08-28

Шаңбасты

img
Общество 2026-08-28

ПРЕСС РЕЛИЗ

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться