Қоғам

Автор: ADMIN

Қоғам 2026-09-01 19:47:00

Біз әлеуметтік желілерде:

БҚО-да бүйрек синдромды геморрагиялық қызбаны жұқтырғандар саны артты

news single

    Батыс Қазақстан облысында биылғы жылдың сегіз айында 17 адам бүйрек синдромды геморрагиялық қызба ауруын жұқтырған,-деп хабарлайды  "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

  БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлдана Керееваның айтуынша, өткен жылдың осы кезеңінде 13 жағдай тіркелген.

 

   Осылайша, биыл ауру жұқтырғандар саны 4 адамға артқан. Маманның сөзінше, аурудың алдын алуға болады. Ол үшін шөп, астық және астық өнімдерімен жұмыс істеген кезде, сондай-ақ кеміргіштер болуы мүмкін шаңды бөлмелерде респиратор пайдалану қажет.

 

   Сонымен қатар кеміргіштермен ластануы мүмкін өнімдерді пайдаланбау маңызды. «Бүйрек синдромды геморрагиялық қызба адамнан адамға жұқпайды. Ауруға шалдыққандар жұқпалы аурулар ауруханасында емделеді», — деп нақтылады Гүлдана Кереева.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться