Қоғам

Автор: ADMIN

Қоғам 2026-09-04 22:19:00

Біз әлеуметтік желілерде:

СҚО-да көкжөтелмен ауыру алты есеге жуық төмендеді

news single

   Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері көкжөтелдің зертханалық жолмен расталған төрт жағдайы тіркелді,-деп хабарлайды  "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

   Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда аурушаңдықтың шамамен алты есеге төмендегенін көрсетеді. СҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, былтыр алғашқы сегіз айда өңірде көкжөтелмен 23 бала ауырған.

 

   Мамандардың айтуынша, аурушаңдықтың айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, көкжөтел жұқтыру қаупі әлі де сақталады. Биыл тіркелген барлық жағдай бір жасқа толмаған, вакцина алмаған балалар арасында анықталған.

 

  «Аурудың барлық жағдайы қаңтар, ақпан және наурыз айларында тіркелді», — деді департаменттің инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Гүлида Джакеева.

 

  Мамандар көкжөтелдің алдын алудың негізгі жолы — балаларды ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес уақытылы вакцинациялау екенін атап өтті.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться