Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2026-09-05 21:03:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Алматыда электр желілерінің зақымдануына байланысты екі көшеде көлік қозғалысы шектеледі

news single

    Алматыда 4-13 қыркүйек аралығында Центральная және Талды көшелерінің бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі,-деп хабарлайды  "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

    Алматы әкімдігінің мәліметінше, шектеу Кәкімбек Салықов көшесінен Жәңгір хан көшесіне дейінгі учаскеде қолданылады. Бұл аумақта шұғыл апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Жөндеу жұмыстары №2353 және №2363 220 кВ электр беру желілерінің зақымдануына байланысты қажет болған.

 

   Соның салдарынан Алматы қаласы мен Алматы агломерациясын электр энергиясымен қамтамасыз ететін 220 кВ желінің сақиналы сызбасы бұзылған. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ мамандары зақымданған кабель учаскесін қалпына келтіру жұмыстарын тәулік бойы жүргізеді.

 

    Жұмыс барысында аталған аумақта көлік қозғалысын ұйымдастыру тәртібі уақытша өзгертіледі. Мамандардың айтуынша, жұмыстарды мүмкіндігінше қысқа мерзімде аяқтап, қозғалысқа қойылатын шектеу уақытын барынша азайту жоспарланып отыр.

 

   Тұрғындар мен қала қонақтарына бағыттарын алдын ала жоспарлап, уақытша қолайсыздықтарды ескеруге кеңес берілді.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться