Қоғам

Автор: ADMIN

Қоғам 2026-10-28 18:48:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Жасанды интеллект мемлекеттік бюджетті болжауға қалай көмектеседі

news single

    Қазақстанда жасанды интеллект технологияларын мемлекеттік қаржыны басқару саласында қолдану жоспарланып отыр,-деп хабарлайды  "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

    Цифрлық шешімдер бюджет кірістері мен шығыстарын дәлірек болжауға, өңірлердің қаржылық жағдайын бағалауға және тиімді басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында цифрлық технологияларды мемлекеттік басқару саласында кеңінен қолданудың маңызын атап өтті.

 

   Президент, әсіресе, мемлекеттік бюджетті қалыптастыру кезінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін жан-жақты қарастыруды тапсырды. Осыған байланысты ҚР Қаржы министрлігінің өкілдері бюджет қаражатын жоспарлау мен болжау үдерістерін жетілдіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді.

 

    — Мемлекеттік қаржының цифрлық картасы мен Бизнестің цифрлық картасын пайдалану бюджет кірістері мен шығыстарын болжау сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Қаржы министрлігіне қарасты Электрондық қаржы орталығының мамандарының айтуынша, заманауи аналитикалық модельдер әртүрлі дереккөздерден алынған ақпаратты біріктіріп, өңірлердің қаржылық жағдайын тереңірек бағалауға көмектеседі.

 

   Сонымен қатар бюджет түсімдері мен шығыстарына әсер ететін факторларды анықтап, басқару шешімдерін қабылдауға қажетті болжамдар әзірлеуге мүмкіндік береді, — деп хабарлады орталық мамандары.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться