Спорт

Автор: ADMIN

Спорт 2026-09-06 19:12:00

Біз әлеуметтік желілерде:

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан жалпыкомандалық есепте топ жарды

news single

   6 қыркүйекте Қырғызстанның Бішкек қаласында 31 тамыздан бері өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өз мәресіне жетті,-деп хабарлайды  "Shalqar.kz"  "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап.

 

   Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан ұлттық құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын иеленді. Отандастарымыздың қоржынында 32 алтын, 20 күміс және 22 қола медаль бар. Екінші орынға жарыс қожайындары — Қырғызстан құрамасы жайғасты. Қырғызстан спортшылары 30 алтын, 35 күміс және 19 қола жүлде жеңіп алды.

 

   Үздік үштікті 7 алтын, 8 күміс және 21 қола медаль еншілеген Ресей құрамасы түйіндеді. Төртінші орынды 5 алтын, 3 күміс және 13 қола медальмен Моңғолия құрамасы иеленсе, Өзбекстан 4 алтын, 4 күміс және 11 қола жүлдемен бесінші орынға тұрақтады.

 

   Осылайша, Қазақстан құрамасы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында медаль саны мен алтын жүлде бойынша үздік нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте жеңімпаз атанды.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться