ЭКОНОМИКА

Автор: ADMIN

ЭКОНОМИКА 2026-11-27 19:59:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Тоқаев TikTok әлеуметтік желісін қатаң сынға алды.

news single

Тоқаев TikTok әлеуметтік желісін қатаң сынға алды,- деп хабарлайды “Shalqar.kz”.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев TikTok әлеуметтік желісіне қатысты пікір білдіріп, оның жастарға кері әсерін сынға алды.

Мемлекет басшысы бұл туралы Мәскеуде өткен «Сбер» банкінің AI Journey 2026 халықаралық конференциясы аясында жасанды интеллект саласында еңбек етіп жүрген дарынды жастармен кездесу кезінде айтты. Президенттің сөзінше, қазіргі таңда көпшілік смартфонды қоңырау шалу, хабарлама алмасу, фильм көру және әлеуметтік желілерді пайдалану үшін ғана қолданады. «TikTok – адамның, әсіресе жастардың миын өлтіретін қорқынышты нәрсе», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы смартфонды тек көңіл көтеру құралы ретінде емес, табыс табудың мүмкіндігі ретінде пайдалану қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, интернет қолжетімді болса, ауылда немесе шағын елді мекенде тұратын азаматтар да смартфон арқылы заңды түрде ақша таба алады. Ол үшін халықты цифрлық технологияларды тиімді пайдалануға үйрету маңызды.

Президент мұны «халықтық цифрлық экономика» қалыптастырудың бір жолы ретінде атап өтті.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться